Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің "Герасимовка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Миссиясы:

"Нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа мазмұны жағдайында педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігін арттыру”    

Мақсаты:

  • Стандарт емес оқу тәсілдерін өндіру арқылы білім берудің оң нәтижелерін арттыру;
  • Оқу мен оқытудың инновациялық ортасын құруда педагогикалық ұжымның кәсіби дамуы мен шеберліктерін жетілдіру;
  • Бәсекеге қабілетті, өмірлік дағдыларын қалыптастыра алатын оқушы тұлғасын дайындау.

Нәтижесі:

2017 ж Ұлан ауданының білім бөлімінің басшысы Окасов К Алғыс хаты

2018 ж.Ұлан ауданының әкімінің орынбасары  Н.Абдыкаримовтың Алғыс хаты

2018 ж.Ұлан ауданының Т.Тоқтаров  ауылдық округінің әкімі А.Асановтың грамотасы

2019 ж Ұлан ауданының кәсіподақ ұйымының төрағасы Н.Садыковтың дипломы

2019-2020 ж Ұлан ауданының әкімі Н.Сақтағановтың алғыс хаты

 «Жастар және бизнес» облыстық бизнес жобалар байқауы на білім алушыларды қатыстыруды ұйымдастырғаны  үшін ҚАЕУ Алғыс хаты

Ұлан ауданының әкімі Д.Батырбаевтың «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілермен жоғары деңгейде нәтижелі жұмыс атқарғаны үшін Алғыс хаты.

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Төлегеннен Алғыс хат

Соңғы 5 жыл ішінде 3 оқушы «Алтын белгі» иегері,2 оқушы «Үздік аттестат» алды;

Соңғы 5 жыл ішінде мектеп түлектерінің 29% ЖОО мемлекеттік грантқа түсті, ҰБТ қорытындылары бойынша жоғары көрсеткіштер көрсетті.

Мектепте  48% оқушылар аудандық, облыстық, республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жоба қорғау сайыстарының жүлдегерлері болды. Оқушылар «Дарын» бойынша аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары;  «Алтын қазына» көркем және сәнді қолданбалы балалар шығармашылығының облыстық көрме байқауының,қашықтан өткізілген интеллектуалды конкурстың, сондай-ақ, ғылыми конференциялардың, аймақтық оқулар мен форумдардың жеңімпаздары атанды.

Мектеп мұғалімдері аудандық, облыстық, республикалық түрлі педагогикалық сайыстардың жеңімпаздары болды. Мектепте  7 мұғалім педагог-зерттеуші, 9 мұғалім педагог-сарапшы, 9 мұғалім педагог-модератор санаттарын алды.