Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің "Гагарин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Миссиясы:

  • Оңтайлы дамытушылық білім бере отырып, бәсекеге  қабілетті тұлға қалыптастыру.

 

Мақсаты:

  • Инвариативтік және вариативтік сабақтарда инновациялық технологияларды қолдану арқылы, оқушылардың білім сапасын көтеру бойынша жұмыс жүргізу;
  • Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің  іс – тәжірибесін таратуда педагогикалық ақпараттық құзіреттілігімен жалпы кәсіби мәдениетін арттыру;
  • Оқушылардың азаматтылығын, патриотизімін, белсенді өмірлік көзқарасын, рухани адамгершілігін, отбасылық құндылықтарын, экологиялық мәдениетін  қалыптастыу  мақсатында, жастар ұйымына қатысуды және сабақтан тыс  кезінде тәрбие жұмысын арттыруды  қамтамасыз ету.
  • Мектепте салауатты өмір салты  ортасын  құру жұмысын жалғастыру.

 

Нәтижесі:

5 мұғалімнің авторлық әдістемелік құралдары;

2020-2021 оқу жылының қыркүйек айында«Қашықтан оқытуды үйренемін» тақырыбындағы  біліктіліктерін арттыру курсынан 100% өтті.

2021-2022 оқу жылы қыркүйек айында  «Педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту» курсынан100 %  өтті.

Мектеп түлектерінің 50% ЖОО мемлекеттік грантқа түсуі, ҰБТ қорытындылары 62,5% көрсеткіштер көрсетті.

Мектепте 65% оқушылар аудандық, облыстық, республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жоба қорғау сайыстарының жүлдегерлері болды. Оқушылар «Дарын» «Үздік ғылыми жоба авторы» республикалық байқауының жеңімпаздары; қашықтан өткізілген интеллектуалды конкурстың, сондай-ақ, ғылыми конференциялардың, аймақтық оқулардың жеңімпаздары атанды.

Мектеп мұғалімдері аудандық, облыстық, республикалық түрлі педагогикалық сайыстардың жеңімпаздары болды. Мектепте  4 мұғалім педагог-зерттеуші, 12 мұғалім педагог-сарапшы, 15 мұғалім педагог-модератор санаттарын алды.