Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің "Бозанбай орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Миссиясы:
Сапалы білім мен жан-жақты тәрбие бере отырып, жаңа заман тұлғасын қалыптастыруды жүйелеу.
Мақсаты:
- Стандарт емес оқу тәсілдерін өндіру арқылы білім берудің оң нәтижелерін арттыру;
- Оқу мен оқытудың инновациялық ортасын құруда педагогикалық ұжымның кәсіби дамуы мен шеберліктерін жетілдіру;
- Бәсекеге қабілетті, өмірлік дағдыларын қалыптастыра алатын оқушы тұлғасын дайындау.
Нәтижесі:
“Орта білім беретін үздік ұйым-2017”;
“Облыстық Үздік орта мектеп-ТОП-25”;
“Үздік қала мектебі”;
Республикалық ЖОО келген Алғыс хаттар(Әл-Фараби атындағы ҚАЗ ҰУ,С.Демирал атындағы Университет, Л.Н.Гумилов атындағы ЕҰУ, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ);
18 мұғалімнің авторлық әдістемелік құралдары;
2020-2021 оқу жылында «Қашықтан оқытуда заманауи әдіс-тәсілдерді пайдаланудың тиімді жолдары» тақырыбында Республикалық конференция ұйымдастырып өткізді;
Соңғы 5 жыл ішінде 15 оқушы «Алтын белгі» иегері,4 оқушы «Үздік аттестат» алды;
Мектеп түлектерінің 80% ЖОО мемлекеттік грантқа түсуі, ҰБТ қорытындылары бойынша жоғары көрсеткіштер көрсетті.
Мектепте 78% оқушылар аудандық, облыстық, республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жоба қорғау сайыстарының жүлдегерлері болды. Оқушылар «Дарын» «Үздік ғылыми жоба авторы» республикалық байқауының жеңімпаздары; қашықтан өткізілген интеллектуалды конкурстың, сондай-ақ, ғылыми конференциялардың, аймақтық оқулардың жеңімпаздары атанды.
Мектеп мұғалімдері аудандық, облыстық, республикалық түрлі педагогикалық сайыстардың жеңімпаздары болды. Мектепте 4 мұғалімпедагог-шебер, 5 мұғалім педагог-зерттеуші, 9 мұғалім педагог-сарапшы, 9 мұғалімпедагог-модератор санаттарын алды.