"Ш.Башиков атындағы негізгі мектебі" КММ
Миссиясы:
Өмір бойы білім алу және құндылықтарға бағдарланған қағидаттарды негізге ала отырып, сабақты зерттеу (Lesson study) арқылы мектеп мәдениетін өзгерту, ынтымақтастықта жұмыс жасау дағдыларды дамыту, жедел өзгеретін әлемде өз бетінше әрекет етуге қабілетті, жеке өзіндік азаматтық ұстанымы бар жан-жақты тұлға қалыптастыруда оқу-тәрбие үрдісін жобалар негізінде тиімді басқару.
Көрініс (болашаққа бағдар):
Айқындалған мектеп миссиясы арқылы болашақтағы мектебімнің мінсіз бейнесін осылайша сипаттаймыз: күнделікті өзгеріске толы жаһандану заманындағы талаптарға сай жұмыс жасай алатын мектеп ұжымы бар және жеке өзіндік азаматтық ұстанымдары бар тұлға тәрбиелей алатын шағын ауылымдағы мәдениет пен білім ордасының орталығы болады
Нәтижесі:
Облыстық «Үздік мектеп-2017» байқауының аудандық кезеңі жеңімпазы;
“Облыстық Үздік негізгі мектеп-ТОП-30”-2018;
“Жылдың үздік мектебі-2021” номинациясы;
2016-2017 оқу жылында «Жаңа серпінмен жаңа өзгеріске бетбұрыс» аудандық семинар өтті;
Соңғы 5 жыл ішінде 3 оқушы «Үздік аттестат» алды;
Соңғы 5 жылда 10 оқушы грантқа түсті;
Мектепте 51 оқушы аудандық, 64 оқушы облыстық, 121 оқушы республикалық және халықаралық пәндік олимпиадалар, байқаулардың, жүлдегерлері болды.
Мектеп мұғалімдері аудандық, облыстық, республикалық түрлі педагогикалық сайыстардың жеңімпаздары болды. Мектепте 1 педагог-жоғары санатты, 3 мұғалім педагог-сарапшы, 4 педагог-модератор санаттарын алды.