Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің "Амангелді атындағы негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Миссиясы:

Жаңартылған білім мазмұны аясында мұғалімнің біліктілігін арттыра отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын жетілдіру

Мақсаты: Заманауи талаптарға сай тұлғалардың шығармашыл және сыни ойлау қабілеттерін дамыта отырып, командалық жұмыстарға бейімділіктерін дамыту

Міндеттері:

Оқу мен оқытудың инновациялық ортасын құруда педагогикалық ұжымның кәсіби дамуы мен шеберліктерін жетілдіру;

Бәсекеге қабілетті, өмірлік дағдыларын қалыптастыра алатын оқушы тұлғасын дайындау.

Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқыту бағдарламасы негізінде сыныптарда нақты өмірмен, тәжірибелік бағыттылықпен тығыз байланысты, байқаушылық, ақпаратпен жұмыс істей білу, өзінің көзқарасын білдіре алу дағдыларын дамыту

Нәтижесі:

2021 – 2022 оқу жылында «Амангелді атындағы негізгі мектебінде» 17 мұғалім жұмыс істеді. Олардың 16 мұғалімі жоғары білімді, Мектебіміздің барлық мұғалімдері жаңартылған білім беру курсын аяқтап, сертификаттар алды. Мектеп бойынша 4 мұғалім -1 санатты, 1мұғалім – 2 санатты, 1мұғалім – педагог-сарапшы, 7 мұғалім - педагог-модератор, Бұл жалпы мұғалімдердің 68 % құрайды

Соңғы 5 жыл ішінде 23 түлек шығардық. 1 оқушы «Үздік аттестат» иеленсе, 13 түлегіміз колледждерге грантқа оқуға түсті.

«Дарын» ҒПО және т.б. мекемелердің ұйымдастыруымен өткен танымдық  конкурстардың қорытындысы бойынша қатысқан оқушылардың 34 % жүлделі орын алды.

Аудан бойынша өтілетін іс- шараларға белсене қатысып отырамыз. 2020 – 2021 оқу жылында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» бейнероликтер байқауының аудандық кезеңіне қатысып, мектебіміз І орын иеленді. Мұратов Арлан «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында өткен аудандық сурет көрмесіне қатысып, ІІ орын иеленді. «Адалдық -адамгершілік бастауы»  тақырыбында эссе сайысына қатысып, 5 – сынып оқушысы Әзмұханова Арайлым І орын иеленді.  2021-2022 оқу жылында ұйымдастырылған  «Парасатты отбасы» , «Үздік оқырман отбасы» тақырыбында облыстық видеороликтер сайысына қатыстық.

Мектебімізде  «Балапан» шағын орталығы жұмыс істейді. Онда 10 бүлдіршін тәрбиеленуде.