Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Айжұлдыз» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Миссиясы:

Балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасайтын мектепке дейінгі мекеме, баланың мектепте сәтті оқуы үшін ойын түріндегі сараланған тәсіл арқылы сөйлеуді жандандыру, сондай-ақ білім беру қызметтері сапасының жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізу.

Мақсаты:

  • Инновациялық технологияларды енгізу, ҰОҚ-нде ойын әдістерін біртіндеп жаңарту және жетілдіру,сондай-ақ балалармен жұмыс жасауда сараланған тәсіл кезінде жаңа сапалы деңгейге көшу;
  • Тәрбие мен оқытудың инновациялық ортасын құруда педагогикалық ұжымның кәсіби дамуы мен шеберлігін жетілдіру;
  • Мектеп жасына дейінгі баланы жеке тұлға ретінде дайындау: физикалық дамыған; қызығушылығы бар; эмоционалды жауапты; белсенді; коммуникативтік дағдыларды меңгерген бала.
  •  

Нәтижесі:

«Республиканың үздік ауылдық балабақшасы-2021»; Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру мекемелері арасында «Qazagstan Education» оқу орындары басшылары қауымдастығының алғыс хаты;

Балабақшада ересек топ балаларының 30% - ы облыстық, республикалық конкурстардың жүлдегерлері атанды . Тәрбиеленушілер «Күзгі табиғат ғажайыптары»  қалалық байқауының,  «АL-FARABY», «Шабыт», «Дарын»   республикалық байқауының, Халықаралық «Пони», «Почемучка» байқауының жеңімпаздары атанды.

Балабақша педагогтары түрлі облыстық педагогикалық конкурстардың жеңімпаздары атанды:

Жаксылыкова Ж. А-«Жыл тәрбиешісі 2018 ж» 3 орын;

Қалиева А. М- «Жыл психологы 2019 ж» 1 орын;

Ноғайбаева К. К. – «Ізденімпаз тәрбиесі» номинациясы 2021ж

 

Команданың педактивтілігі педагогикалық тәжірибені жалпылау және тарату бойынша әр түрлі іс-шараларға қатысады:

2021 ж. қаңтар айында "Айжұлдыз "бөбекжайының әдіскері-Сагынганова Маржан Газымбековна ШҚО мектепке дейінгі ұйымдары қызметкерлерінің форумында пікірталас алаңдары жұмысының аясында мектепке дейінгі ұйымның дамуын және педагогтардың кәсіби дамуын басқару тәжірибесін ұсынды.

Сәуір 2021 ж. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мекемелерінде тәрбиешілердің, логопедтердің, дефектологтар мен психологтардың бірлескен жұмыс әдістері»  тақырыбы бойынша облыстық форсайт-семинарда«Айжұлдыз» бөбекжайы педагогтарының тәжірибесін жинақтау және тарату бойынша Айгерим Манарбековна Калиева психолог пен логопед Назира Болатовна  Хаббибулина;

Мамыр 2021ж дене шынықтыру нұсқаушысы - Казтаева Назым Каирбековнаның «Мектепке дейінгі білім берудегі дене шынықтыру сабағының заманауи тәсілдері» облыстық семинарында тәжірибесін жинақтау және тарату

Балабақшада 1 педагог «Педагог – зерттеуші», 3 педагог- «Педагог-сарапшы», 5 педагог-«Педагог-модератор» санатын алды