Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің "Азовое орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Миссиясы:
Оқушылардың бейімділігі мен қабілетіне қарай оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде сапалы білім берумен қатар, өз бойына жалпыадамзаттық құндылықтарды, ұлтжанды, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастырған жеке тұлғаны тәрбиелеуге жағдай жасау.
Мақсаты:
- Оқытудың стандартты емес тәсілдерін әзірлеу арқылы білім берудің оң нәтижелерін арттыру;
- Оқытудың инновациялық ортасын құруда педагогикалық ұжымның кәсіби дамуы мен шеберлігін жетілдіру;
- Бәсекеге қабілетті, өмірлік дағдыларды қалыптастыруға қабілетті оқушының жеке басын дайындау.
Нәтижесі:
Соңғы 5 жыл ішінде бірқатар оқушылар аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық «Мұқағали әндері», Жас толқын», «Тайжарыс», «Жұлдыз болғың келсе», «Ұлы дала дарыны» атты ән-би байқауларына қатысып, жүлделі I, II, III орындарға ие болды. Осы байқаулардан келген Алғыс хаттар;
Республикалық ЖОО келген Алғыс хаттар (С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ);
2021-2022 оқу жылында мектепте спорт зал, асхана, химия кабинеттері жаңартылып, модернизациядан өтті.
Мектеп түлектерінің 70-80% ЖОО мен колледждерге оқуға түсуде.
Мектептің оқушылары аудандық, облыстық, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысып жүлделі орындар алды. Оқушылар «Дарын» «Үркер» республикалық байқауының жеңімпаздары; қашықтан өткізілген интеллектуалды конкурстың, аймақтық оқулардың жеңімпаздары атанды.
Мектеп мұғалімдері аудандық, облыстық, республикалық түрлі педагогикалық сайыстардың жеңімпаздары болды. Мектепте 1 мұғалім I-санатты, 2 мұғалім II-санатты, 3 мұғалім педагог-сарапшы, 14 мұғалім педагог-модератор санаттарын алды.