Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің "Р.Мәрсеков атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Миссиясы: Оқушының жеке басын өзін-өзі анықтау және өзін-өзі жетілдіру мақсатында сапалы қолжетімді білім беруді қамтамасыз ету үшін жағдайларды жүйелеу.

Сапалы білім мен жан-жақты тәрбие бере отырып, жаңа заман тұлғасын қалыптастыруды жүйелеу.

Мақсаты: «Білім сапасын арттыруда жаңартылған білім беру мазмұны мен Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасы аясында оқу үдерісінде оқушылардың білім-білік дағдыларын дамытып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу»

МАҚСАТЫ:

Жаңартылған білім беру мазмұны  және инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруде мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыра отырып, жеке тұлғаға бағытталған  білім  беру.

МІНДЕТІ

·         Оқу мен оқыту үдерісіне өзгерістер енгізе отырып, оқушының өз бетінше білім алуына үнемі ықпал жасап отыру.

·         Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында әдіс-тәсілдерді меңгерту мақсатында мұғалімдерді деңгейлік, тақырыптық, әдістемелік курстардан өтулеріне мүмкіндік жасау.

·         Білім сапасын арттыру жолында  мектепішілік бақылауды  күшейту. 

 

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:

·         Бәсекеге қабілетті тұлға жетіліп, тәрбиеленеді.

·         Мұғалімдердің үздіксіз білім жетілдіру нәтижесінде заман талабына сай жаңа әдіс – тәсілдерді меңгерген шығармашыл ұстаз қалыптасады.

Нәтижесі:

“Облыстық Үздік орта  мектеп - ТОП-25” 2018 жыл;

Республикалық ЖОО келген Алғыс хаттар (Әл-Фараби атындағы ҚАЗ ҰУ,С.Демирал атындағы Университет, Л.Н.Гумилов атындағы ЕҰУ, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ);

10 мұғалімнің авторлық әдістемелік құралдары;

 Соңғы  жыл ішінде 7 оқушы «Алтын белгі» иегері,7 оқушы «Үздік аттестат» алды;

Мектеп түлектерінің 80% ЖОО мемлекеттік грантқа түсуі, ҰБТ қорытындылары бойынша жоғары көрсеткіштер көрсетті.

2021-2022 оқу жылында өткен математика, физика, химия пәндерінен  облыстық президенттік олимпиадада Қайратұлы Дәулет жүлделі  3 орын және «Хабар» телеарнасы ұйымдастыруымен «ХХІ ғасыр көшбасшысы»  республикалық сайысының айлық кезеңінде 1 орынға иеленді. 2019-2020 оқу жылында өткен «Айқанат» республикалық  олимпиадасында математика пәнінен Мамрыханова Жамал 1 орын алып, қазіргі республикалық «IQanat» дарынды балаларға арналған мектебінде білім алуда.  «Мың бала» ауыл мектептері оқушыларының арасында өткізілген республикалық олимпиадада  математика пәнінен бас жүлдені Батырханова Нұрай жеңіп алды. 2018-2021 жылдары аралығында ауыл мектептері оқушылары арасында «Айқанат» республикалық  олимпиадасында оқушылар жүлделі орындар иеленуде. Қанатова Аружан осы олимпиадада 1 орын алып, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтен бағалы сыйлық  ноутбук берілді.  2021 жылы  «Облыстың ең үздік оқушысы» номинациясы физика, информатика пәндерінен үздік деп танылып, екі түлекке Зарылқанов Азамат  және Қанатова Аружан  Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-нің грант иегерлері атанды. Сондай-ақ Зарылқанов А С.Аманжолов атындағы ШҚУ ұйымдастырған информатика пәнінен олимпиадада 2021 жылы грант ұтып алды.

Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру және шығармашылықпен жұмыс істеу бағытында әдістемелік кеңес жанынан құрылған 6 шығармашылық топтар жұмыс жасады. Озық тәжірибелерді зерттеу, жинақтау және тарату мақсатында «ғылыми қоғамдастық» тобы «гуманитарлық пәндер», «жаратылыстану пәндер» бірлестіктері екі бағытта жұмыс атқарады. «Ғылыми қоғамдастық» тобы жанынан құрылған жаңа педагогикалық технологияларды тарату бойынша 7 әдістемелік бірлестік мектептің даму жоспарына сәйкес шығармашылық топтар мен мектептің жаңашыл ұстаздарының бастамасына қолдау көрсетті. Осының нәтижесінде мектебіміз мұғалімдерінің оқу-әдістемелік құралдар әзірлеу, оқыту үрдісіне электронды оқыту жүйесін енгізу, қосымша білім беру жүйесін жетілдіру бағытында да қомақты табыстарға қол жеткізуде.

Мектепте 1  мұғалімп едагог-шебер, 30 мұғалім педагог-зерттеуші, 31  мұғалім педагог-сарапшы, 22 мұғалім педагог-модератор санаттарын алды.