GOV.KZ – Single platform for the digital resources of government agencies

Меню
Страницы
Contacts
Documents
Press Room
The Office the Akim
Activity
Feedback
Все материалы
29 июня 2026
Dear Applicant
In the “Admissions” section of the wsuk.edu.kz website, you can find information about admission requirements, tuition fees and payment details, as well as answers to frequently asked questions.
If you have any additional questions, please feel free to contact us using the phone numbers provided below.
📞 +7 776 046 6851 Turkistan
+7 778 653 1001 Аstana
+7 775 635 4065 Аlmaty
+7 708 190 5248 Shymkent
04 октября 2025
A brand-new world-class university – Woosong University Kazakhstan – is opening its doors in Turkistan!
In harmony with the President’s vision for digital transformation, this initiative heralds the dawn of a new era.
🎓 Nearly 400 students in the first year.
📚 100 scholarships.
👩‍🏫 International professors. Modern standards.
The university aims to enroll up to 2,000 students. The official opening ceremony will take place on September 25, 2025!
Witness the grand opening of Woosong University Kazakhstan!
26 июня 2025
ТҮРКІСТАНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛІ» ФОРУМЫ ӨТТІ
Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» «Заң мен тәртіп – мемлекет кепілі» атты форум өтті. Форумға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, облыстық прокуратура, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, полиция департаменті мен ҚР-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшылары, сондай-ақ жастар мен жергілікті тұрғындары қатысты.
Аймақ басшысы Нұралхан Көшеров қоғамда заң үстемдігін орнатуға үлес қосу баршаның ортақ міндеті екенін атап өтіп, қауіпсіз ортаны құру бағытындағы жұмыстарды бірлесе жүргізуге шақырды.
Облыс аумағында есірткінің заңсыз айналымына және нашақорлыққа қарсы профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде. Осы жылдың 5 айында 163 дерек анықталып, 199 келіге жуық есірткі заттары тәркіленді. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 336 дерек анықталған. Интернет арқылы синтетикалық есірткілердің таралуына жол бермеу бағытында 405 ақпараттық сайт анықталып, бұғатталды. Сондай-ақ, тұрғындардың қаржылық сауаттылығының төмендігі салдарынан осы жылдың 5 айында облыста алаяқтық қылмыстар 33 пайызға, интернет алаяқтық қылмыстар 102 пайызға өскен. Азаматтардың қаржылық сауаттылықтарын арттыру мақсатында оқыту және түсіндіру жұмыстары күшейтілетін болады. Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың мәселесі ерекше бақылауда. Бұл азаматтарға биыл 194 квота белгіленді. Жұмыспен қамту шаралары жалғасады.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен отбасылық зорлық-зомбылық жасағаны үшін жазаның ауыр түрі қабылданды. Нәтижесінде, қылмыс деңгейі 32 пайызға төмендеген. Президент тапсырмасына сәйкес, облыс аумағындағы барлық аудан, қалаларда «Отбасын қолдау орталықтары» ашылды. Орталықтар арқылы өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға қажетті көмек көрсетіледі.
26 июня 2025
ТҮРКІСТАНДА ВЕЛОШЕРУ ӨТТІ
Бүгін 26 маусым- «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орай Түркістан қаласында тұрғындар арасында кең көлемді велошеру өтті.
Шараның негізгі мақсаты – қоғам назарын нашақорлықтың алдын алу, оның зиянды салдарын түсіндіру және салауатты өмір салтын насихаттау болды. Аталған дата БҰҰ Бас Ассамблеясының 1987 жылғы шешімімен бекітіліп, бүкіл әлемде есірткінің заңсыз айналымы мен тұтынуына қарсы күрес күні ретінде аталып өтеді.
Іс-шара таңғы сағат 08:00-де Денсаулық саябағында басталды. Қатысушылар арнайы белгіленген бағытпен велошеруге шығып, белсенділік танытты. Шара барысында Түркістан қаласы әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев қатысушыларға қоғамның ортақ қасіретіне айналған нашақорлықпен күрес жолында жұмыла әрекет ету қажеттігін атап өтті.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
26 июня 2025
ТҮРКІСТАНДА КӘРІЗ ЖҮЙЕЛЕРІ БОЙЫНША АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы арнайы брифинг өткізіп, 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Брифинг барысында қала аумағында жүзеге асырылып жатқан кәріз жүйелерін дамыту мәселесі де кеңінен талқыланды.
Қала басшысы кәріз инфрақұрылымын жетілдіруге қатысты бірқатар өзекті мәселелерді атап өтті. 2020-2025 жылдар аралығында Түркістан қаласында кәріз жүйелерін дамыту бағытында ауқымды жобалар іске асырылуда. Қазіргі таңда жалпы ұзындығы 263,3 шақырымды құрайтын сарқынды су жүйелерін тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар қала аумағындағы магистралды желілермен қатар, ішкі орам көшелерін де қамтуда.
Жобалар аясында қала аумағында инженерлік инфрақұрылымды толық қамту мақсатында бірқатар құрылыс нысандарының салынуы жоспарланған. Атап айтқанда, 5 бірлік сарқынды суларды тазарту имараты, 21 бірлік канализациялық сорғы станциясы және 4 бірлік шығын реттегіш құдықтың құрылысы қарастырылған. Бұл нысандардың іске қосылуы кәріз жүйесінің қуаттылығын арттырып, халықты сапалы қызметпен қамтуға мүмкіндік береді.
Бүгінде Түркістан қаласында 27 КНС бар. Олардың 7-і 1980 жылы, 3-еуі 2010 жылы, ал 17-сі 2014 жылы пайдалануға берілген.
Қолданыстағы сарқынды су құбырларының ұзындығы 401,6 шақырымды құрайды. Бұл желілерге 17 581 абонент қосылған. Жалпы орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 36,5 пайыз деңгейінде.
Қала тұрғындарын толық кәріз жүйесіне қосу мақсатында қазіргі уақытта 13 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 7 нысанды 2025 жылдың соңына дейін аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған.
Қазіргі таңда кәріз жүйесінің құрылысы аяқталған 159 көшеде асфальт төсеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Қаланың негізгі магистралды көшелерінде жол жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Ендігі кезекте, абоненттік қосылымдарды жедел іске асыру арқылы асфальттау жұмыстарын кешіктірмей аяқтау көзделуде.
26 июня 2025
БИЫЛ ТҮРКІСТАНДА 160-ҚА ЖУЫҚ КӨШЕГЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
Биыл Түркістан қаласында 159 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бүгінгі таңға дейін 44,6 шақырымды құрайтын 41 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. 2024 жылы 47,1 шақырым жол ретке келтіріліп, қанағаттанарлық жолдардың үлесі 50,3%-ға жеткен болатын. Аталған жұмыстар нәтижесінде 2025 жылдың қорытындысымен көрсеткішті 66,7%-ға жеткізу көзделіп отыр. Бұл жайында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы брифингте мәлімдеді.
«Жалпы қалада инфрақұрылым саласында оң өзгерістер жетерлік. Бүгінгі таңда шаһардың кәріз жүйесімен қамтылу деңгейі – 36,5 пайыз, ал ауыз сумен қамтылуы 100 пайызды құрады. Электрмен қамту – 99,5 пайыз, табиғи газбен қамту – 98 пайыз деңгейінде. Бұл көрсеткіштерді жақсарта түсу мақсатында бірқатар ауқымды жұмыстар қолға алынуда» - деді қала әкімі.
Жыл басынан бері қаланың жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрап, жан басына шаққанда 663,5 мың теңгеге жеткен. Өнеркәсіп саласында 40 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі – 25 млрд. теңге, құрылыс жұмыстарының көлемі – 299,3 млрд. теңге, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі – 434,6 мың шаршы метрді құрады. Сауда айналымы 157,9 млрд теңгеге жетсе, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 490 млрд теңгені құрады.
Сондай-ақ, шаһардағы арнайы экономикалық аймақта 9 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобалар нәтижесінде 2956 жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар, индустриалды аймақта 23 жоба іске асырылып, 961 адам жұмыспен қамтылды. Жоспарланған жобалар аясында шетелдік және отандық инвесторлардың қатысуымен ірі кәсіпорындар құрылуда.
2025 жылдың алғашқы бес айында Түркістанға 1,1 млн турист келген. Шетелдік туристер саны 23,2 мың адамды құрады. Туризм саласына тартылған инвестициялар көлемі 61,9 млрд теңгеге жетті. Қалада «Қолөнершілер қалашығы», «Күлтөбе қалашығы», аквапаркі бар қонақ үй кешені сынды туристік нысандардың құрылысы жүргізілуде.
Сонымен қатар, 2025 жылы 12 жаңа мектеп пайдалануға беріліп, 4 мектепте күрделі жөндеу, 7 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жеке инвестиция есебінен 27 мың тұрғынға қызмет көрсететін емхана мен оңалту орталығының құрылысы қыза түскен.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
05 июня 2025
ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАР КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШІЛУ БАРЫСЫН БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ
Өткен аптада Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қаладағы 6 секторда тұрғындармен ашық кездесулер өткізіп, азаматтардың өтініш-шағымдарын тыңдаған болатын. Кездесулер барысында жалпы саны 179 мәселе көтеріліп, жеке қабылдауда 73 арыз-өтініш тіркелді.
Бүгін қала басшысы көтерілген мәселелердің орындалу барысымен арнайы танысып, бірқатар тұрғын үйлер мен қала инфрақұрылым нысандарын аралап шықты.
Атап айтқанда, 11 көшедегі 18 пәтерлі тұрғын үй кешені, А.Мендерес көшесіндегі 20 қабатты тұрғын үй, Отырар мөлтек ауданындағы 32 пәтерлі тұрғын үй, Ш.Дүрия және Дулыға батыр көшелеріндегі жол мәселелері, Қарашық көшесіндегі балалар ойын алаңшасы, Жангелдин және Бокина көшелеріндегі инфрақұрылым жағдайы.
Тұрғындармен қайта жүздесіп, көтерілген мәселелерді көзбен көріп, мердігер мекемелер мен жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Көтерілген мәселелердің қатарында жертөлеге су кетіп жатқаны анықталып, шұғыл түрде ретке келтіру тапсырылды. Тұрғын үйлердің сыртқы қасбетіндегі анықталған кемшіліктерді жөндеп, пандус пен лифт мәселесін шешу – мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы орта қалыптастыру міндеті қойылды. Балалар ойын алаңы қалпына келтіріліп, сервистік компаниялардың жұмысы бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болды.
Сонымен қатар техникалық тексеру жұмыстары тағайындалып, қоғамдық көлік бағыттары бойынша ұсыныстар жинақталуда. Дулыға батыр көшесіне он күн ішінде толық асфальт жабындысы төселеді. Қарашық көшесіндегі балалар алаңшасының төбесі жабылады. Учаскелік полиция қызметкерлеріне қоғамдық тәртіп пен тыныштықты сақтау жөнінде нақты міндеттер жүктелді.
Жангелдин көшесіне демалыс орындықтары орнатылып, электр және интернет бағаналарын ауыстыру мен аяқ жол салу жұмыстары жүргізілмек. Бокина көшесіндегі тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеу, көгалдандыру және ағаштарды бұтау жұмыстары да бақылауға алынды.
Қала әкімінің тапсырмасы бойынша әрбір көтерілген мәселенің шешілу барысы тұрақты бақылауда болады.
05 июня 2025
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров облыс орталығындағы құрылыс нысандарын аралап, жай-күйімен танысты. Алдымен бірнеше көшені аралап, жол жөндеу жұмыстарын қадағалады.
Облыс әкіміне Қазыбек би және О.Жарылқапов көшелері аралығындағы жол құрылысының барысы таныстырылды. Жолдың ұзындығы – 2,5 шақырым, төрт жолақты. Құрылысы қарқынды жүруде. Қаржысы толық бөлінсе, биыл аяқталады. Тәукехан көшесін жөндеу жұмыстары да жалғасуда. Ұсақ түйіршікті асфальт төселіп, аяқжолдар салынады.
Одан кейін Нұралхан Көшеров Б.Қалаби көшесін реконструкциялау жұмыстарын көрді. Жолдың ұзындығы – 7,4 шақырым, 4 жолақты. Тапсырыс беруші – қала әкімдігі. Жоба 2024-2026 жылдары жүзеге асырылады деп жоспарланған. Бүгінде 3 463 412,3 мың теңге игерілген. Толық қаржыландыру күтіліп отыр. Бұл жол салынған соң «Бекзат» шағынауданының тұрғындарына өте қолайлы болмақ. Қала орталығындағы жол жүктемесі де азаяды.
Облыс әкімі жол жөндеу саласындағы жұмыстар бойынша қала әкімі мен жауапты орынбасарларының есебін тыңдап, тиісті тапсырмалар берді. Мәселелер бақылауға алынды.
Айта кетейік, биыл Түркістан қаласында жалпы ұзындығы 138,5 шақырымды құрайтын 159 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Осы бағытта тиісті жұмыстар жүріп жатыр.
14 мая 2025
ТҮРКІСТАНҒА ТҮРІКМЕНСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ
Түркістанда облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен Түрікменстан Президенті жанындағы Арқадаг қаласының құрылыс жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Дерьягельды Оразов пен Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Батыр Реджепов бастаған Түрікменстан Республикасының делегациясы кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы достық қарым-қатынас пен Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығы айтылды.
Тараптар сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастардың перспективасын, білім беру және тәжірибе алмасу бойынша белсенді түрде ынтымақтастық орнату жолдарын талқылады.
– Түркі елдерінің астанасы Түркістан қаласына қош келдіңіздер. Бүгінгі кездесуде Түркістан облысы мен Түрікменстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықты талқылауға жақсы мүмкіндік бар. Түркістан облысымен Түрікменстан Республикасының өңірлері арасындағы екі жақты ынтымақтастығының дамуы өте маңызды екенін атап өткім келеді. Алдағы уақытта екі ел арасындағы екі жақты ынтымақтастығымыз одан әрі дамитынына сенемін, - деді Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров.
Облыс әкімі Түркістан облысында шетелдік компанияларының өндірістерін ұйымдастыру үшін индустриалды аймақтар және дайын ғимараттарды жеңілдетілген шарттармен жалдау немесе сатып алу құқығымен берілетін Шағын өнеркәсіптік парктер бойынша толық мәлімет берді. Сондай-ақ терең өңдеу өндірісін ұйымдастыру үшін инвесторлар салықтардан, кедендік төлемдерден босатылатын «TURAN» арнайы экономикалық аймақтың жұмыс жасап тұрғанын жеткізді.
Кездесу нәтижесінде тараптар жаңа бастамаларды іске асыруға дайын екендерін білдіріп, Қазақстан мен Түркменстан арасындағы екіжақты байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Өткен жылдың қорытындысымен екі жақты тауар
14 мая 2025
ХАБАРЛАНДЫРУ
Бүгін 14 мамыр күні сағат 14:35-те 110/10-10 кВ «Яссы» ҚС-нан В-10 кВ ұяшық № 414, 314, 306 апаттық жағдайда өшу тіркелді.
Нәтижесінде, Жаңа қала, Жібек Жолы мөлтекаудандарындағы 9, 5 этажды көп қабатты тұрғын үйлер электр жарығынсыз қалуы орын алды.
Түркестан АЭЖ бригадасы тексеру барысында кабель желісінде, кабельдік транщеяда өрт болып жатқанын анықтады.
Қазіргі таңда өрт толықтай өшіріліп, ОЖТ мамандары мен мердігер мекеме тарапынан қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Социальные сети
Меню подвал
State of the Nation Address of the President of Kazakhstan
Website of the President of Kazakhstan
Website of the Prime Minister of Kazakhstan
Digital transformation concept
Life situations
National symbols
Terms and explanations
Central communications service under the President of the RK
Screen Reader
Құпиялылық саясаты