«Ойын керемет болды, ал матч бойы хоккейшілерге белсенді қолдау көрсеткен жанкүйерлер шынымен жарқын атмосфера сыйлады. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдердің отандық спортқа қызығушылық танытқаны қуантады. Трибуналарда балалар мен жастар көп болды»,- Туризм және спорт министрі ресейлік «Нефтехимик» клубын 8:0 есебімен ұтқан елордалық «Барыс» клубын жеңіспен құттықтады