Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың төрағалығымен XX жазғы Азия ойындарына, V жазғы Параазия ойындарына және Жазғы жасөспірімдер Олимпиада ойындарына дайындық мәселелері бойынша кеңес өтті.
XX жазғы Азия ойындарына дайындық аясында ұлттық құрамалардың құрамын жасақтау, спорт делегациясын аккредиттеу, іссапарды ұйымдастыру, ашылу және жабылу салтанаттарында Ту ұстаушыларды бекіту, медициналық қамтамасыз ету және спортшыларды орналастыру мәселелері бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Кеңес қорытындысы бойынша вице-министр Серік Жарасбаев жауапты құрылымдарға барлық ұйымдастырушылық және дайындық жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде орындауды тапсырды. Қазақстан құрамаларының халықаралық кешенді жарыстарға жоғары деңгейде дайындалуын қамтамасыз ету басым міндет ретінде айқындалды.
Енгізілген өзгерістер биылғы жылдың наурыз айында күшіне енген «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңның нормаларына сәйкестендіруге бағытталған. Негізгі мақсат – бизнес үшін рәсімдерді түсінікті ету, әкімшілік кедергілерді азайту және бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету.
Kids Go Free бағдарламасы: туроператорлар ұсынатын қызметтердің сапасын арттыру мақсатында туристік өнімге қойылатын талаптар нақтыланды. Туристік өнімді ішкі туризм саласында қызмет көрсететін туроператор қалыптастыруы, оған баланың эконом-класс бойынша екі бағыттағы әуе тасымалы енгізілуі және кемінде екі түн қонақүйде орналастыру қарастырылуы тиіс. Сонымен қатар турдың төленгенін және баланы алып жүретін адамның туыстық қатынасын растайтын құжаттарды ұсыну міндеттеледі.
Кіру туризмі саласындағы туроператорларға берілетін субсидиялар: елге келетін туристерден түсетін экономикалық тиімділікті арттыру мақсатында субсидия алу үшін шетелдік туристің Қазақстанда болу мерзімі кемінде алты түн болып белгіленді. Бұл халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді және бюджет қаражатын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Айта кету керек, бұған дейін қолданыста болған талап пандемиядан кейінгі кезеңде кіру туризмін қолдау мақсатында енгізілген болатын. Бүгінде елімізге келетін шетелдік туристер ағыны толық қалпына келіп қана қоймай, 2019 жылғы көрсеткіштен де асты. Осыған байланысты мемлекеттік қолдау ұзақ мерзімді сапарларды ынталандыруға бағытталады. Туроператорларға төленетін субсидия көлемі бұрынғыдай әр турист үшін 15 мың теңге деңгейінде сақталды. Бұл өңірлерде шетелдік туристердің тұруға, тамақтануға, экскурсиялар мен өзге де қызметтерге жұмсайтын шығындарының артуына ықпал етеді деп күтілуде.
Санитариялық-гигиеналық тораптар: санитариялық-гигиеналық тораптардың сапалы жұмысын қамтамасыз ету үшін субсидияланатын шығыстардың нақты тізбесі айқындалды. Оған тазалау, дезинфекциялау, коммуналдық қызметтер, сумен жабдықтау, жарықтандыру, қалдықтарды шығару және пайдалану шығындары кіреді. Субсидия мөлшері бұрынғыдай айына 83,3 мың теңге көлемінде сақталды. Сонымен қатар нысандардың нақты жұмысын бақылау күшейтіліп, тексерулер жүргізу, фото және бейнетіркеу, сондай-ақ тұрақты мониторинг жасау көзделген.
Инфрақұрылымдық жобалар: туристік инфрақұрылымды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары сақталды. Мемлекет тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканың құнының 25 пайызын, туристік автобустардың құнының 25 пайызын, сондай-ақ жол бойындағы сервис нысандарын, визит-орталықтар мен туристерді орналастыру орындарын салуға жұмсалған шығындардың 10 пайызын өтеуді жалғастырады. Сонымен қатар қолдау көрсетілетін нысандар мен жабдықтардың тізбесі жүйеленіп, құжаттарға қойылатын талаптар, өтінімдерді қарау мерзімдері және шешім қабылдау тәртібі нақтыланды. Бұл мемлекеттік қолдау тетіктерінің ашықтығын арттырып, бизнес үшін рәсімдерді түсінікті етеді.
Басым туристік аумақтар: басым туристік аумақтарды айқындау жөніндегі өкілеттіктер өңірлік деңгейге берілді. Енді жергілікті атқарушы органдар мұндай аумақтарды өздері белгілеп, олардың шекарасын айқындай алады және әр өңірдің туристік әлеуетін ескере отырып шешім қабылдайды. Бұл туристік әлеуеті жоғары аумақтарды жедел дамытуға және олардың ерекшеліктерін тиімді ескеруге мүмкіндік береді.
Қабылданған өзгерістер туризмді мемлекеттік қолдаудың тиімді әрі ашық жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Олар бір жағынан бизнес үшін рәсімдерді жеңілдетсе, екінші жағынан бюджет қаражатының мақсатты әрі тиімді пайдаланылуына бақылауды күшейтеді. Өзгерістерді әзірлеу барысында СЖТС нәтижелері (сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау), құқық қолдану тәжірибесі, сондай-ақ бизнес қауымдастығы мен жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары ескерілді.
Бүгін, 6 тамызда, «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna бағдарламасында:
💃 Phygital Dancing
🕘 09:00-14:00
📍 Barys Arena
Топтық кезең:
09:00 - Lala Gevorgyan vs Sagdi (0:2)
09:20 - ricky vs Donchess (2:0)
09:40 - Ivan Vlasov vs Sergio Mayta (2:1)
10:00 - Franco Vitali vs Ariana Katana
10:20 - Tiago Silva Viagonce vs Susan Huertas
10:40 - Dion Visser vs Lina
11:00 - Gulnaz Amangali vs Andres Guardo
11:20 - Angelo Mokonenyane vs Umutcan Tutuncu
11:40 - Lala Gevorgyan vs Donchess
Ары қарай сағат 14:00-ге дейін жеңілгендер жеңілгендермен, ал жеңімпаздар жеңімпаздармен өзара ойнайды.
🎯 Phygital Shooter (Топтық кезең)
🕙 10:00-21:00
📍 Beeline Arena
4 матч:
10:00 - Klan Pedrajas vs 🇰🇿 Team KZ
13:05 - Liga Pro Team vs MIRAGE TEAM
16:10 - Team Hybrids vs 🇰🇿 NOVAQ
19:15 - Minsk House vs Eternal Fire
*Уақыт кестесі өзгертілуі мүмкін
📱 MOBA Mobile (Decider матчтары)
🕑 14:00-22:00
📍 Ж. Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы
4 матч (Bo3):
14:00 - FUT Esports vs Team Spirit
15:55 - DIAN FENG YAO GUAI vs TEAM VAMOS
17:50 - Geekay Esports vs Aurora Gaming
19:45 - 🇰🇿 Rune Eaters vs PRO ESPORTS
*Уақыт кестесі өзгертілуі мүмкін
⚽ Phygital Football (Decider және Last 16)
🕓 16:00-21:00
📍 «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешені
4 матч:
16:00 - ORLANDO PIRATES FIVES vs 🇰🇿 UEL team
17:15 - Club Holcattes vs Tamo Junto
18:30 - 🇰🇿 ACF x Allur vs KMF TITOGRAD
19:45 - FFK “ROTOR CISS” vs LOS TRONCOS FC
📅 Матчтардың толық кестесі турнирдің ресми сайтында қолжетімді: https://astana2026.gofuture.games/ru
🎟️ Билеттер - Ticketon.kz сайтында.
2027 жылғы 22 сәуірде Астанада Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) 51-конгресі өтеді. Бұл – ұйымның ең жоғары басқарушы органы. Конгресс барысында Еуропа футболының алдағы жылдардағы даму бағытын айқындайтын маңызды шешімдер қабылданады.
Конгреске УЕФА құрамына кіретін 55 ұлттық футбол қауымдастығының өкілдері, ұйым президенті, Атқарушы комитет мүшелері, ФИФА, еуропалық лигалар, клубтық бірлестіктер және халықаралық спорт ұйымдарының өкілдері қатысады.
Алдағы конгрестің басты ерекшеліктерінің бірі – сайлау рәсімінің өтуі. Дәл осы Астанада УЕФА президенті мен Атқарушы комитет мүшелері сайланады.
Қазақстанның осындай ауқымды іс-шараны өткізу құқығына ие болуы – УЕФА-ның елімізге білдірген жоғары сенімінің және халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шараларды ұйымдастырудағы тәжірибесі мен әлеуетінің мойындалғанының айқын дәлелі. Конгресті ұйымдастыруға байланысты барлық шығынды УЕФА өз қаражаты есебінен қаржыландырады.
УЕФА конгресін өткізу Қазақстанда футболды дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың заңды жалғасы болмақ. Елімізде футбол инфрақұрылымы жаңғыртылып, балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Сонымен қатар кәсіби клубтарды басқару тиімділігін арттыруға бағытталған реформалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.
Кәсіби футболды коммерцияландырудың алғашқы кезеңінде 11 клуб инвестиция тартуға негізделген жаңа басқару моделіне көшті. Осы бағытқа 80 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Екінші кезеңде тағы 8 кәсіби клубты коммерцияландыру жоспарланып отыр. Бұл клубтардың қаржылық дербестігін күшейтіп, саланың тұрақты дамуына жаңа серпін береді.
Еске салсақ, 4 тамызда Францияның «Пари Сен-Жермен» футбол клубы Қазақстанда өзінің ресми академиясын ашатынын жариялады. Әлемдік футболдағы жетекші брендтердің бірінің елімізге келуі балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға, заманауи даярлық әдістемелерін енгізуге және халықаралық тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Еуропаның футбол кеңістігіндегі өз орнын кезең-кезеңімен нығайтып келеді. Бүгінде еліміз халықаралық деңгейдегі ірі спорттық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізе алатын әрі футболды барлық бағытта тұрақты дамытуға қолайлы жағдай қалыптастырған мемлекет ретінде танылып отыр.
Ел тарихында алғаш рет дзюдодан халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр. 5-15 тамыз күндері Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлау базасында әлемнің 30 елінен келген 700-ден астам спортшы бірлескен дайындық жұмыстарын жүргізуде.
Халықаралық оқу-жаттығу жиынына әлемдік рейтингтің көшбасшылары, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, сондай-ақ әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысып жатыр.
Қатысушылар қатарында Олимпиада чемпиондары Елдос Сметов (Қазақстан) пен Лаша Шавдатуашвили (Грузия), Олимпиаданың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев (Қазақстан), әлем чемпиондары Рюдзю Нагаяма, Санширо Мурао (Жапония), Инал Тасоев, Тимур Арбузов (Ресей), Тато Григалашвили (Грузия), Мими Хух (Корея) және әлемдік дзюдоның басқа да танымал шеберлері бар.
Солтүстік Қазақстан облысындағы Шалқар-Имантау көлдерінде туристердің қауіпсіз әрі жайлы демалысын қамтамасыз ету бағытындағы кешенді жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл ретте судағы қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпті сақтауға және медициналық көмектің қолжетімділігіне басымдық берілген.
Жағалау аумақтарында құтқару мұнаралары, қалқыма белгілер мен пирстер орнатылып, құтқарушылар мен жүзу құралдарының тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылған. Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында күндізгі және түнгі рейдтер тұрақты түрде өткізіледі.
Курортты аумаққа күн сайын жергілікті атқарушы органдардың, полиция мен туристік полиция өкілдері мониторинг жүргізеді. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камералары пайдаланылады, жаппай демалыс орындары тәулік бойы бақылауда. Сонымен қатар Шалқар-Имантау көлдерінің жағалауында туристік полицияның екі модульдік бекетінің құрылысы жалғасып жатыр.
Демалушыларға медициналық көмек жақын маңдағы елді мекендерде орналасқан дәрігерлік амбулаториялар мен медициналық пункттер арқылы көрсетіледі. Барлық құтқару бекеті алғашқы медициналық көмек қобдишаларымен жабдықталған, қызметкерлер алғашқы көмек көрсету дағдылары бойынша оқытылған. Қажет болған жағдайда жедел медициналық жәрдемді дереу шақыру мүмкіндігі қарастырылған.
Атқарылған жұмыстар мен негізгі көрсеткіштер туралы толығырақ инфографикадан таныса аласыз.
Қыркүйек айында Астанада Францияның әйгілі «Пари Сен-Жермен» клубының ресми академиясы – PSG Academy Kazakhstan футбол академиясы ашылады. Осылайша Қазақстан PSG Academy халықаралық желісіне қосылған 24-ші ел атанды.
Академияның алғашқы оқу-жаттығу орталығы елордадағы Air Arena спорт кешенінде орналасады. FIFA талаптарына сәйкес келетін жабық футбол алаңы жас спортшыларға ауа райына қарамастан жыл бойы тұрақты жаттығу өткізуге мүмкіндік береді.
Алғашқы маусымда академия 6-14 жас аралығындағы 300-ге жуық ұл-қызды қабылдайды. Футболшылар жас ерекшелігі мен дайындық деңгейіне қарай топтарға бөлініп, «Пари Сен-Жермен» академиясының ресми оқу-жаттығу әдістемесі бойынша дайындалады.
PSG Academy Kazakhstan жобасының негізін қалаушы Алмас Әлсеновтың айтуынша, академияның басты мақсаты – балаларға әлемдік деңгейдегі футбол даярлау жүйесін қолжетімді етіп, олардың спорттық және тұлғалық дамуына жағдай жасау.
Жоба балалар футболын дамытып, отандық жаттықтырушылардың кәсіби біліктілігін арттыруға да мүмкіндік бермек. Академияда еңбек ететін барлық бапкер PSG Academy бағдарламасы бойынша арнайы даярлықтан өтіп, ПСЖ клубының техникалық мамандарынан тұрақты әдістемелік қолдау алып отырады.
Кейінгі жылдары Қазақстанда балалар футболына қызығушылық артып, спорт инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді. Академияның алғашқы орталығы Астанада жұмысын бастайды. Болашақта жобаны еліміздің басқа өңірлеріне де ашу жоспарланып отыр.
Айта кетейік, 2005 жылы құрылған PSG Academy бүгінде әлемдегі ең ірі футбол академияларының бірі саналады. Бүгінде әлемнің 24 елінде 200-ден астам оқу-жаттығу орталығы жұмыс істейді. Жыл сайын академияда 50 мыңнан астам жас футболшы тәлім алады.
Астанада өтіп жатқан халықаралық мультиспорттық «Болашақ ойындары – 2026» турнирі аясында ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев халықаралық Phygital Games International ұйымының бас директоры Дэн Меркли және «Болашақ ойындары» жобасының жетекшісі Игорь Столяровпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар халықаралық турнирдің ұйымдастырылу барысын, қатысушы елдердің спортшылары мен делегациялары үшін қолайлы жағдай жасау мәселелерін талқылады. Сонымен қатар турнир бағдарламасының орындалуы, логистикалық қамтамасыз ету, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және фиджитал спортты дамыту бағытындағы алдағы жоспарлар қарастырылды.
Серік Жарасбаев Қазақстанның «Болашақ ойындарын» өткізуі еліміздің халықаралық деңгейдегі ірі спорттық іс-шараларды ұйымдастырудағы тәжірибесі мен әлеуетін айқын көрсететін маңызды оқиға екенін атап өтті. Оның айтуынша, турнир фиджитал қозғалысының дамуына жаңа серпін беріп, Қазақстанның жаһандық спорт кеңістігіндегі беделін одан әрі нығайта түседі.
Дэн Меркли мен Игорь Столяров турнирдің ұйымдастырылу деңгейіне жоғары баға беріп, қазақстандық тараптың дайындық жұмыстары халықаралық стандарттарға толық сәйкес келетінін атап өтті.
Айта кетейік, «Болашақ ойындарында» Battle Royale (PUBG) дисциплинасындағы жарыстар аяқталды. Чемпион атанған Қытайдың 17 Gaming командасы 131 ұпай жинады. Қазақстандық DIGA Esports командасы 59 ұпаймен 14-орынға тұрақтады.
Фиджитал баскетбол дисциплинасында Қазақстанның GTB KZ және «Астана» ПБК командалары турнирдегі өнерін аяқтады. GTB KZ Қытайдың HandsomeMDMX командасына 27:30 есебімен жол берсе, «Астана» ПБК Черногорияның Dangerouse командасынан жеңіліп, жарысты аяқтады.
MOBA PC (Dota 2) дисциплинасында қазақстандық Rune Eaters командасы Перудің PlayTime ұжымын 2:0 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды.
Бүгін фиджитал футбол және мобильді MOBA дисциплиналары бойынша жарыстар жалғасып жатыр.
6 тамызға фиджитал би бәсекесі жоспарланған. Қазақстан намысын Гүлназ Аманғали қорғайды. Жарыс сағат 11:00-де «Барыс Аренасында» басталады. Ал 8 тамызда фиджитал жекпе-жек турнирі ұйымдастырылады. Қазақстан құрамасы сапында Богдан Пшебельский, Расул Хатаев және Нұржігіт Баймен өнер көрсетеді.
Еске салайық, «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирі 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада өтіп жатыр.
Баянауыл ұлттық табиғи паркінде заманауи Vizit Bayanaul «Сарыарқа сыры» визит-орталығы ашылды. Жаңа нысан туристерге арналған негізгі ақпараттық және бағдарлау орталығы ретінде қызмет етеді. Мұнда келушілер туристік бағыттар, табиғи көрікті орындар, көрсетілетін туристік қызметтер мен ұлттық паркке кіру қағидалары туралы толық ақпарат ала алады.
Визит-орталықтың ашылуы Баянауыл курорттық аймағының туристік инфрақұрылымын дамыту және келушілер үшін қолайлы жағдай жасау бағытындағы жүйелі жұмыстың маңызды кезеңдерінің бірі болды.
Астанада өтіп жатқан халықаралық мультиспорттық «Болашақ ойындары – 2026» турнирі әлемдік аудиторияның жоғары қызығушылығын тудырып, көрермен саны бойынша жаңа рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізуде. Кеше жарыс трансляцияларының жалпы қаралымы 85 миллион болса, бүгін бұл көрсеткіш 185 миллионға жетті. Осылайша, небәрі бір тәулік ішінде аудитория 100 миллион қаралымға артты. Мұндай қарқын турнирге деген халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін және фиджитал форматындағы жарыстардың әлемдік деңгейде сұранысқа ие бола бастағанын көрсетеді.
Турнирдің кең ауқымды халықаралық қамтылуы Қазақстанның спорт пен заманауи технологияларды ұштастыратын ірі жарыстарды жоғары деңгейде ұйымдастыра алатынын тағы бір мәрте дәлелдеп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2026 жыл Жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Ал «Болашақ ойындарының» елімізде өткізілуі Қазақстанның цифрлық және технологиялық даму бағытымен толық үндеседі.
Бүгінде киберспорт жастар арасында кеңінен танымал. Бұл ретте басты мақсат – цифрлық спорт түрлері мен дәстүрлі спорттың бір-біріне қарсы емес, керісінше өзара толықтырып, жастарды белсенді өмір салтына тартудың тиімді құралы екенін көрсету.
«Болашақ ойындары» – халықаралық ынтымақтастықты нығайтатын, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін және Қазақстанды спорт, инновация мен жаңа технологиялардың заманауи орталығы ретінде әлемге танытатын маңызды алаң.