Меню

Страницы

Статья

Туризм

Туризм – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі әрі экономиканың тұрақты өсуіне серпін беретін, инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірлердің дамуына ықпал ететін стратегиялық сала.

2025 жылдың қорытындысы бойынша туризм саласының ел экономикасына қосқан үлесі 5 трлн теңгеге жетті. Салада 600 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Салық түсімдері 18%-ға өсіп, 630 млрд теңгені құрады. Шетелдік туристердің Қазақстандағы шығыстары 2,9 млрд АҚШ долларына жетсе, туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 33%-ға артып, 1,3 трлн теңгені құрады.

Саланы одан әрі дамыту мақсатында жүйелі шаралар кешені іске асырылуда. 2026 жылы туристік қызметтердің сапасын арттыруға және саяхаттауға қолайлы жағдай жасауға бағытталған заңнамалық өзгерістер қабылданды. Туристік автобустар үшін «жасыл дәліз» тетігі енгізілді, визит-орталықтардың құқықтық мәртебесі заң жүзінде айқындалды, гидтердің, экскурсия жүргізушілердің және туризм нұсқаушыларының қызметін реттеу тетіктері жетілдірілуде. Сонымен қатар, 18 жасқа дейінгі балалар үшін мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге кіру тегін.

Үкіметтің тапсырмасы бойынша туризмді дамыту мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесі құрылып, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, бизнес өкілдерінің және сала сарапшыларының өзара іс-қимылын қамтамасыз етуде. Туризм саласын дамытудың жаңартылған тұжырымдамасын іске асыру аясында алты негізгі бағыт бойынша 66 іс-шараны қамтитын Іс-қимыл жоспары жаңартылды. Құжат көлік, инженерлік және туристік инфрақұрылымды дамытуға, инвестициялық саясат пен визалық-көші-қон рәсімдерін жетілдіруге, туристік өнімдерді дамытуға, Қазақстанды халықаралық нарықта ілгерілетуге және білікті кадрлар даярлауға бағытталған.

Курорттық аумақтар мен жағажай туризмін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Өңірлерде инфрақұрылымды жаңғырту, жағажайларды абаттандыру, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған жобалар жүзеге асырылуда. Негізгі туристік аумақтарды кешенді дамыту мақсатында 2026–2029 жылдарға арналған курорттық аймақтарды дамыту жөніндегі Жол картасы бекітілді.

Экологиялық туризмді дамыту жұмыстары да қарқынды жалғасуда. 2025 жылдың қорытындысында еліміздің ұлттық парктеріне 3,7 млн адам келді. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың туристік инфрақұрылымы кезең-кезеңімен жаңартылып, экотуризмнің ұлттық стандарттары жетілдірілді, туристік маршруттар мен экологиялық соқпақтар желісі кеңейтілуде.

Басым бағыттардың қатарында іскерлік, медициналық, оқиғалы және ғарыш туризмін дамыту да бар. Қазақстан халықаралық іс-шараларды өткізу алаңы ретіндегі әлеуетін нығайтып, медициналық туризмді дамыту жұмыстарын жалғастыруда. Сонымен бірге, Байқоңыр кешенінің туристік әлеуетін 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы іске асырылып, ірі туристік іс-шаралар күнтізбесі кеңейтілуде.

Инвестиция тарту мәселесіне де ерекше мән берілуде. Қазіргі уақытта Қазақстанда жалпы құны шамамен 1,3 трлн теңгені құрайтын 328 инвестициялық жоба іске асырылуда. Оларды жүзеге асыру нәтижесінде 10 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылып, халықаралық деңгейдегі 25 қонақүй пайдалануға беріледі. Бұған қоса, заманауи инфрақұрылымды дамытуға, қызмет көрсету сапасын жақсартуға және өңірлердің туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған бірқатар ірі туристік жобалар іске асырылды.

Қазақстанның туристік әлеуетін халықаралық деңгейде таныту жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Халықаралық медиажобалар жүзеге асырылып, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен туроператорларға арналған ақпараттық турлар ұйымдастырылуда, цифрлық жарнамалық науқандар жүргізілуде, сондай-ақ жетекші халықаралық туристік платформалармен ынтымақтастық кеңейтілуде. Халықаралық ақпараттық науқандардың жалпы қамту көрсеткіші 53 миллионнан асты.

Қабылданып жатқан шараларды кешенді іске асыру туризм саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, заманауи туристік инфрақұрылымды қалыптастыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға, өңірлердің инвестициялық тартымдылығын күшейтуге және Қазақстанның Орталық Азиядағы жетекші туристік бағыттардың бірі ретіндегі ұстанымын нығайтуға бағытталған.

Дата публикации
07 января 2020
Дата обновления
29 июля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 сентября 2026
Аичи-Нагоя-2026: Азияның басты спорт додасы
Ақпарат
20 июля 2026
Цифрландыру
Пайдалы ақпарат
26 июня 2026
Kids Go Free бағдарламасы қалай жұмыс істейді?

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы