Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Туризм

Туризм – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі әрі экономиканың тұрақты өсуіне серпін беретін, инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірлердің дамуына ықпал ететін стратегиялық сала.

2025 жылдың қорытындысы бойынша туризм саласының ел экономикасына қосқан үлесі 5 трлн теңгеге жетті. Салада 600 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Салық түсімдері 18%-ға өсіп, 630 млрд теңгені құрады. Шетелдік туристердің Қазақстандағы шығыстары 2,9 млрд АҚШ долларына жетсе, туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 33%-ға артып, 1,3 трлн теңгені құрады.

Саланы одан әрі дамыту мақсатында жүйелі шаралар кешені іске асырылуда. 2026 жылы туристік қызметтердің сапасын арттыруға және саяхаттауға қолайлы жағдай жасауға бағытталған заңнамалық өзгерістер қабылданды. Туристік автобустар үшін «жасыл дәліз» тетігі енгізілді, визит-орталықтардың құқықтық мәртебесі заң жүзінде айқындалды, гидтердің, экскурсия жүргізушілердің және туризм нұсқаушыларының қызметін реттеу тетіктері жетілдірілуде. Сонымен қатар, 18 жасқа дейінгі балалар үшін мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге кіру тегін.

Үкіметтің тапсырмасы бойынша туризмді дамыту мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесі құрылып, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, бизнес өкілдерінің және сала сарапшыларының өзара іс-қимылын қамтамасыз етуде. Туризм саласын дамытудың жаңартылған тұжырымдамасын іске асыру аясында алты негізгі бағыт бойынша 66 іс-шараны қамтитын Іс-қимыл жоспары жаңартылды. Құжат көлік, инженерлік және туристік инфрақұрылымды дамытуға, инвестициялық саясат пен визалық-көші-қон рәсімдерін жетілдіруге, туристік өнімдерді дамытуға, Қазақстанды халықаралық нарықта ілгерілетуге және білікті кадрлар даярлауға бағытталған.

Курорттық аумақтар мен жағажай туризмін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Өңірлерде инфрақұрылымды жаңғырту, жағажайларды абаттандыру, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған жобалар жүзеге асырылуда. Негізгі туристік аумақтарды кешенді дамыту мақсатында 2026–2029 жылдарға арналған курорттық аймақтарды дамыту жөніндегі Жол картасы бекітілді.

Экологиялық туризмді дамыту жұмыстары да қарқынды жалғасуда. 2025 жылдың қорытындысында еліміздің ұлттық парктеріне 3,7 млн адам келді. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың туристік инфрақұрылымы кезең-кезеңімен жаңартылып, экотуризмнің ұлттық стандарттары жетілдірілді, туристік маршруттар мен экологиялық соқпақтар желісі кеңейтілуде.

Басым бағыттардың қатарында іскерлік, медициналық, оқиғалы және ғарыш туризмін дамыту да бар. Қазақстан халықаралық іс-шараларды өткізу алаңы ретіндегі әлеуетін нығайтып, медициналық туризмді дамыту жұмыстарын жалғастыруда. Сонымен бірге, Байқоңыр кешенінің туристік әлеуетін 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы іске асырылып, ірі туристік іс-шаралар күнтізбесі кеңейтілуде.

Инвестиция тарту мәселесіне де ерекше мән берілуде. Қазіргі уақытта Қазақстанда жалпы құны шамамен 1,3 трлн теңгені құрайтын 328 инвестициялық жоба іске асырылуда. Оларды жүзеге асыру нәтижесінде 10 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылып, халықаралық деңгейдегі 25 қонақүй пайдалануға беріледі. Бұған қоса, заманауи инфрақұрылымды дамытуға, қызмет көрсету сапасын жақсартуға және өңірлердің туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған бірқатар ірі туристік жобалар іске асырылды.

Қазақстанның туристік әлеуетін халықаралық деңгейде таныту жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Халықаралық медиажобалар жүзеге асырылып, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен туроператорларға арналған ақпараттық турлар ұйымдастырылуда, цифрлық жарнамалық науқандар жүргізілуде, сондай-ақ жетекші халықаралық туристік платформалармен ынтымақтастық кеңейтілуде. Халықаралық ақпараттық науқандардың жалпы қамту көрсеткіші 53 миллионнан асты.

Қабылданып жатқан шараларды кешенді іске асыру туризм саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, заманауи туристік инфрақұрылымды қалыптастыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға, өңірлердің инвестициялық тартымдылығын күшейтуге және Қазақстанның Орталық Азиядағы жетекші туристік бағыттардың бірі ретіндегі ұстанымын нығайтуға бағытталған.

Документы
Хаттама
19 октября 2026
Стратегиялық жоспарлау және жобалық басқару департаменті
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысының хаттамасы
Жоспар
19 октября 2026
Стратегиялық жоспарлау және жобалық басқару департаменті
Атырау облысы тұрғындарымен кездесу қорытындысы бойынша проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ 2026 жылғы 14 қазан
Жоспар
15 октября 2026
Стратегиялық жоспарлау және жобалық басқару департаменті
Ұлытау облысының халықпен кездесу қорытындылары бойынша проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ 2026 жылғы 8 қазан
Новости
Полезные материалы
2025 жылдың І тоқсанында Қазақстанда орналастыру орындары 61 млрд теңгеге қызмет көрсетті
Ержан Еркінбаев:Туризмді дамытудағы 2024 жылғы қызмет қорытындылары туралы (презентация)
Даниел Сержанұлы: Туризм саласын ілгерілету бағытында атқарылған жұмыс жайлы (презентация)
Медиагалерея
8
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған ресми іс-шараға қатысып, министрлік қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады
4
В 2024 ГОДУ ПРОФИЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ В ТУРКЕСТАНЕ ВЫПУСТИТ ПЕРВЫХ 460 СПЕЦИАЛИСТОВ ДЛЯ ТУРИСТИЧЕСКОЙ ОТРАСЛИ И ОТМЕЧАЕТ 5-ЛЕТНИЙ ЮБИЛЕЙ
События
19 апреля
21-ші «Туризм және саяхат» Қазақстандық халықаралық көрмесі, KITF
18 мая
Qazaqstan LIVE Fest халықаралық туристік көрмесі
17 ноября
Туризм және спорт вице-министрінің Қарағанды облысы тұрғындары және туристік бизнес өкілдерімен кездесуі
Реализуемые проекты
«Балалар туристік пойызы» жобасы
Перейти
«Алтын орда»
Перейти
Санитарлық-гигиеналық тораптармен туристер баратын орындарды қамтамасыз ету
Перейти
Услуги
Организации
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Әдеп жөніндегі уәкіл
Цифрлық трансформация және мемлекеттік қызметтерді дамыту департаменті
Часто задаваемые вопросы
Турагенттер тізіліміне қалай тіркелуге болады?

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында турагенттік қызметі хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылады.

Турагенттік қызметті жүзеге асыруды бастау үшін өтініш беруші портал арқылы қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберуі қажет, elicense.kz → электрондық-цифрлық қолтаңба бойынша тіркелу → порталға кіру → келесі қойындылар бойынша өту: мәдениет → хабарлама тәртібі → турагенттік қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама → қызметке онлайн тапсырыс беру → қажетті деректерді толтыру → электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қою керек.

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңының 47-бабына сәйкес тізілімнен үзінді-көшірме алу үшін өтініш беруші Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетіне жүгінеді және өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге өтініш беруші жіберген хабарлама туралы мемлекеттік электрондық тізілімнен үзінді көшірме беріледі.

Сонымен бірге, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 7-тармағына сәйкес, жеке тұлғаның заңды мекенжайы, заңды тұлғаның орналасқан жері, хабарламада көрсетілген қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыру мекенжайы, сондай-ақ, олар туралы ақпарат хабарламада толтыру үшін міндетті болып табылатын тіркеу деректері өзгерген жағдайда, өтініш беруші өзгеріс болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы бапта белгіленген тәртіппен көрсетілген өзгерістер туралы хабарлама жіберуге міндетті. Осылайша, болашақта Сіз ұсынған ақпаратты өзгерткен кезде немесе қызметті тоқтатқан кезде Сізге тиісті хабарлама жіберу керек.

Туроператорлық қызметке лицензияны қалай алуға болады?

«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:

- туроператорлық қызмет лицензияланатын қызметтің түрі;

Ең алдымен, кәсіпкер өз қызметін бастау үшін ЖК (жеке кәсіпкер) немесе ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) ретінде тіркелуі қажет.

Бұдан әрі, туроператорлық қызметті бастау үшін elicense.kz порталы арқылы лицензия алуы керек.

Лицензия алу кезінде: 

- Қалыптастырылған туристік өнім;

- Еңбек өтілі бір жылдан кем емес, туристік білімі бар, кемінде бір қызметкердің болуы;

- Жеке меншік құқығындағы немесе өзгеде заңды негіздегі кеңсеге арналған үй-жай;

- шығу туризмі саласының туроператорлары үшін: «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-3-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкпен жасалған банктік кепілдік шарты болуы қажет.

Бизнес өкілдері үшін туризм саласында қандай мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған?

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туризм саласындағы кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдаудың 7 шарасы қолданыста. 2026 жылы мемлекеттік қолдау тетіктеріне бірқатар өзгеріс енгізілді. Бұл өзгерістер нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңына сәйкестендіруге, бизнес үшін рәсімдерді жеңілдетуге, әкімшілік кедергілерді азайтуға және бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Біріншіден, келу туризмі саласында қызмет көрсететін туроператорлардың әрбір шетелдік турист үшін жұмсаған шығындарын субсидиялау. Субсидия туроператорға қажетті растайтын құжаттарды ұсынған, шетелдік туристің орналастыру орындарында кемінде жеті күн және алты түн болғаны, сондай-ақ оның «e-Hotel» немесе «e-Qonaq» ақпараттық жүйелері арқылы тіркелгені расталған жағдайда төленеді. Субсидия мөлшері әрбір шетелдік турист үшін 15 000 (он бес мың) теңгені құрайды. Өтінімдер 1 желтоқсанға дейін қабылданады.

Екіншіден, Қазақстан аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау кезінде туристік өнім құрамына кіретін әуе билетінің құнын субсидиялау (Kids Go Free бағдарламасы). Субсидия ішкі туризм саласында қызмет көрсететін туроператордан сатып алынған туристік өнім құрамындағы кәмелетке толмаған жолаушының әуе билетіне төленеді. Туроператорға баланың әуе билетінің құны 100% мөлшерінде өтеледі. Бұл ретте туристік өнім баланың эконом-класпен екі бағытқа ұшуын және қонақүйде кемінде екі түн орналастырылуын қамтуы тиіс. Сонымен қатар туристік өнімнің төленгенін және баламен бірге жүретін адамның туыстық байланысын растайтын құжаттарды ұсыну міндетті.

Үшіншіден, тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы сатып алуға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу:

1. Аспалы жолдар мен көтергіштер (траволаторлар (ленталы көтергіштер), бугельді көтергіштер, креслолы аспалы жолдар, кабиналы гондолалы аспалы жолдар, құрамдастырылған аспалы жолдар (кабина мен кресло), балаларға арналған тірексіз көтергіштер (бейби-лифт).
2. Шаңғы трассаларын жасанды қармен жабдықтау жүйелері (жылжымалы және стационарлық қар генераторлары, қар бүріккіш құрылғылар мен зеңбіректер).
3. Қарды нығыздауға арналған техника (ратрактар).

Өтемақы мөлшері тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника құнының 25%-ын құрайды. Мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы мөлшері сақталған. Сонымен қатар құжаттарға қойылатын талаптар мен өтінімдерді қарау тәртібі нақтыланды.

Төртіншіден, жол бойындағы сервис нысандарын салуға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу. Шығындары өтелетін жол бойындағы сервис нысандарына автомобиль жолдарының бойында орналасқан ғимараттар мен құрылыстар (мотельдер, қонақүйлер, кемпингтер, техникалық қызмет көрсету станциялары, жанармай құю станциялары, тамақтану, сауда, байланыс және медициналық көмек көрсету орындары, сыртқы (көрнекі) жарнама нысандары және басқа да қызмет көрсету нысандары) жатады. Өтемақы мөлшері жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына жүргізілген сараптама қорытындысында көрсетілген құрылыс құнының 10%-ын құрайды. Мемлекеттік қолдау тетігін жетілдіру аясында құжаттарға қойылатын талаптар мен өтінімдерді қарау тәртібі нақтыланды.

Бесіншіден, санитариялық-гигиеналық тораптарды (бұдан әрі – СГТ) күтіп-ұстауға арналған шығындарды субсидиялау. Қағидаларға сәйкес, СГТ – туристер жиі баратын аумақтарда және (немесе) оларға апаратын автомобиль жолдарының бойында, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан немесе жол бойындағы сервис нысанының құрамына кіретін, санитариялық-гигиеналық қажеттіліктерге арналған абаттандырылған жеке тұрған тұрақты немесе жылжымалы құрылысжай. Мұндай нысандарда ерлер мен әйелдерге арналған бөлек кабиналар, мүгедектігі бар адамдар үшін қолайлы жағдайлар, унитаздар, қолжуғыштар, желдету және жарықтандыру жүйелері, сондай-ақ жеке гигиена құралдары болуы тиіс. СГТ-ның санитариялық жағдайын тиісті деңгейде ұстау үшін ай сайын 83 300 теңге субсидия бөлінеді. 2026 жылы субсидияланатын шығындардың нақты тізбесі айқындалып, нысандардың пайдаланылуына бақылау күшейтілді. Олардың жай-күйін фото және бейнетіркеу, сондай-ақ тұрақты мониторинг жүргізу көзделген.

Алтыншыдан, кәсіпкерлік субъектілерінің туристік қызмет нысандарын салуға және реконструкциялауға жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеу. Шығындары ішінара өтелетін нысандарға туристік инфрақұрылым объектілері, оның ішінде туристерді орналастыру орындары мен визит-орталықтар жатады. Өтемақы мөлшері жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына жүргізілген сараптама қорытындысында көрсетілген туристік қызмет нысандарын салу және (немесе) реконструкциялау шығындарының 10%-ын құрайды. Мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы мөлшері сақталған. Сонымен қатар құжаттарға қойылатын талаптар мен өтінімдерді қарау тәртібі нақтыланды.

Жетіншіден, туристік қызметпен айналысатын кәсіпкерлік субъектілерінің жүргізуші орнын есептемегенде, сегізден астам жолаушыға арналған отыратын орны бар автокөлік құралдарын сатып алуға жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеу. Бұл мемлекеттік қолдау шарасын Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңына сәйкес туристік қызметпен айналысатын кәсіпкерлік субъектілері пайдалана алады. Бұл ретте сатып алынған автокөлік құралын 5 жыл ішінде мақсатсыз пайдалануға немесе иеліктен шығаруға жол берілмейді. Өтемақы мөлшері автокөлік құнының 25%-ын құрайды. Мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы мөлшері сақталған. Сонымен қатар құжаттарға қойылатын талаптар мен өтінімдерді қарау тәртібі нақтыланды.

Аталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру туристерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға, туристік инфрақұрылымды дамытуға және кәсіпкерлік субъектілерінің туристік өнімдерін ілгерілету жұмысын жандандыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде ішкі және шетелдік туристер ағынының артуына ықпал етеді.

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы