Құрылым
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау және ағымдағы жөндеу жөніндегі жұмыстарды, жол қызметін жүзеге асыру
«Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ
Автомобиль жолдары мен көпір құрылыстарын жобалау, салу, жөндеу, күтіп ұстау және диагностикалау саласындағы ғылыми зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелер
«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ
Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация саласының тұрақты дамуын, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, азаматтық авиацияны дамыту мақсатында шетелдік техникалық көмекті басқаруға бағытталған қызметті жүзеге асыру
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау кезіндегі жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жасау, сондай-ақ жол активтерін басқару
«Қазақстан су жолдары» РМҚК
Қызмет көрсетілетін шекаралар шегінде кемелердің қауіпсіз жүзуін қамтамасыз ету мақсатында ішкі су жолдарын және кеме қатынасы гидротехникалық құрылыстарын (шлюздерін) тиісті күтіп ұстау және дамыту үшін өндірістік қызметті жүзеге асыру
РГП на ПХВ «Казаэронавигация»
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланушылардың аэронавигациялық қызмет көрсетудегі қажеттіліктерін қамтамасыз ету және азаматтық авиация саласының авиациялық персоналды даярлаудағы, медициналық қамтамасыз етудегі қажеттіліктерін қанағаттандыру
«Көліктік оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру орталығы» Акционерлік қоғамы
Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің аумағында азаматтық және эксперименттік авиацияның әуе кемелерімен болған авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру