Байланыс саласындағы жаңа технологияларды және инфрақұрылымды дамыту басқармасы

Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту басқармасының қызметі:

  • Трафикті өткізуді және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желілерін қосу және өзара іс-қимыл жасау қағидаларын, Қазақстан Республикасында телекоммуникация желілерін күзету қағидаларын, күзет аймақтарын белгілеу тәртібін және олардағы жұмыс режимін қоса алғанда, телекоммуникация желілерін жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне қосу және Қазақстан Республикасының Жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша трафикті өткізуді реттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
  • Басқарманың құзыреті шегінде МӘС, РСС және басқа да халықаралық ұйымдар жіберетін құжаттарға ұсыныстарды қарау, келісу және ұсыну.