GOV.KZ – Единая платформа цифровых ресурсов государственных органов (ЕПЦР ГО)

Меню
Страницы
Деятельность
Онлайн-приемная
Пресс-центр
Об отделе
Документы
Контакты
Все материалы
Работа с одаренными детьми
21 октября 2026
Тарбағатай ауданында ата-аналарға арналған аудандық форум өтті!
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: МЕКТЕП–АТА-АНА–ҚОҒАМ СЕРІКТЕСТІГІ
📍 Тарбағатай ауданында ата-аналарға арналған аудандық форум өтті!
2026 жылғы 21 қазанда «Абай атындағы орта мектебі» КММ базасында Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп: мектеп–ата-ана–қоғам серіктестігі» тақырыбында аудандық форум өтті.
🎯 Форумның негізгі мақсаты – мектеп, ата-ана және қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту, балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және жас ұрпақтың қауіпсіз ортада тәрбиеленуіне ықпал ету.
Форумға Тарбағатай ауданының прокуроры Смиев Алмас Сәбитұлы, аудан мектептерінің директорлары, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және ата-аналар қатысты.
🔹 Форум «Заң және тәртіп» тақырыбындағы тәрбиелік қойылыммен басталып, пленарлық отырыста бала қауіпсіздігі, ата-ананың жауапкершілігі, құқықбұзушылықтың алдын алу, қиын жағдайдағы балаларға қолдау көрсету және отбасындағы ұлттық құндылықтардың маңызы кеңінен талқыланды.
🔹 Сонымен қатар қатысушылар мектеп пен отбасы ынтымақтастығын арттыруға бағытталған тәжірибелік алаңдар мен шеберлік сабақтарына қатысып, өзара тәжірибе алмасты.
Форум барысында «Бала тәрбиесі – баршаға ортақ жауапкершілік» қағидасына ерекше назар аударылып, бала қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мектеп, отбасы және құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысының маңыздылығы атап өтілді.
✅ Заңға құрмет – отбасынан, тәртіп – тәрбиеден басталады!
Осындай мазмұнды кездесулер бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілікті күшейтіп, мектеп пен ата-ана арасындағы сенімді серіктестікті нығайтуға мүмкіндік береді.
Развитие среднего общего образования
15 октября 2026
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫ ЛИЦЕНЗИЯЛАУҒА ДАЙЫНДЫҚ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫ ЛИЦЕНЗИЯЛАУҒА ДАЙЫНДЫҚ
2026 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялауға дайындық мәселелері бойынша онлайн ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында Салтанат Мырзабекқызы Мырзабекова Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №473 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірді.
Мектепке дейінгі ұйым басшыларына лицензиялауға дайындық жұмыстарын белгіленген әрекет алгоритміне сәйкес жүйелі жүргізу тапсырылды.
Развитие среднего общего образования
15 октября 2026
«Көркем еңбек мұғалімі: дәстүр, шығармашылық, шеберлік – 2026» байқауы өтті!
«Көркем еңбек мұғалімі: дәстүр, шығармашылық, шеберлік – 2026» байқауы өтті!
Ұстаздардың кәсіби шеберлігін шыңдап, шығармашылық қабілеттерін дәріптеуге бағытталған «Көркем еңбек мұғалімі: дәстүр, шығармашылық, шеберлік – 2026» байқауының аудандық кезеңі жоғары деңгейде өтті.
Байқау ерлер мен әйелдер арасында екі бөлек ұйымдастырылып, қатысушылар өздерінің кәсіби біліктілігін, шығармашылық ізденісін және шеберлігін көрсетті. 🎨✨
🥇 Байқаудың І орын иегері облыстық кезеңге жолдама алып, аудан намысын қорғайтын болады!
Жеңімпазды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы облыстық кезеңде сәттілік, шығармашылық шабыт және толағай табыс тілейміз!
Өнер мен еңбекті ұштастырған ұстаздарымыздың еңбегі әрдайым жемісті болсын!
Развитие дошкольного образования
15 октября 2026
«БАЛАЛАР ДЕБАТЫ»: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ АУДАНДЫҚ СЕМИНАРЫ
«БАЛАЛАР ДЕБАТЫ»: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ АУДАНДЫҚ СЕМИНАРЫ
📅 2026 жылғы 13 қазанда Тарбағатай ауданының «Қ. Төгісов атындағы орта мектебі» КММ базасында «Балалар дебаты: тәрбиеленушілердің өз ойын еркін жеткізу, тыңдау және дәлелді сөйлеу дағдыларын дамыту» тақырыбында аудандық семинар өтті.
🎯 Семинардың мақсаты – дебат элементтері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік дағдыларын дамыту, педагогтердің кәсіби тәжірибесін жетілдіру және тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісу. Семинарға ауданның мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.
📚 Бағдарлама аясында педагогтер өз тәжірибелерін ұсынып, түрлі тақырыптарда практикалық жұмыстар жүргізді:
* 🧩 Ошанова Әйгерім Асқарқызы – «Ойын арқылы баланың танымдық қабілетін арттыру»;
* 💬 Әзімбекқызы Мархабат – «Баланың үні: дебат арқылы еркін ойлау және өз ойын жеткізу»;
* 🐾 Жарылғасинова Мейрамгүл Ұлықбановна – «Үй жануары баланы мейірімді болуға үйрете ме?»;
* 🍎 Серікқажы Шынар – «Дәмді пікірталас: жемістер мен көкөністер әлемінде балалардың еркін сөйлеу дағдыларын дамыту»;
* 🌿 Ақаева Арайлым – «Ненің пайдасы көп?» (экология және табиғат);
* 🎤 Қызырбекова Шағала Қызырбекқызы, «Балауса-Балғын» бөбекжайының педагогі – «Мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік дағдыларын дебат элементтері арқылы дамыту: тәжірибе және тиімді тәсілдер»;
* 🎲 Ақылбекова Мөлдір Ерланқызы – «Мектепке дейінгі балалардың еркін ойлау және өз пікірін білдіру дағдыларын ойын арқылы дамыту»;
* 📖 Қанағатова Гаухар Қажықанқызы – «Мақта қыз бен мысық» ертегісі.
🗣️ Педагогтер тәжірибелік жұмыстар арқылы балалардың өз ойын еркін жеткізу, пікірін дәлелдеу, өзгені тыңдау және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру жолдарын көрсетті. Ойын, зерттеу, пікірталас пен шығармашылық тапсырмалар арқылы дебат элементтерін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үдерісіне енгізудің тиімді тәсілдері қарастырылды.
🤝 Семинар соңында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, ұсынылған әдістемелік жұмыстарды талқылады.
🌟 Кездесу мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, озық тәжірибені таратуға және білім беру үдерісінде тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануға ықпал етті.
Развитие дошкольного образования
15 октября 2026
«ҒАЖАЙЫП ТЕАТР ӘЛЕМІ» БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ
«ҒАЖАЙЫП ТЕАТР ӘЛЕМІ» БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ 🌟
📅 2026 жылғы 12 қазанда Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілер мен педагогтер арасында «Ғажайып театр әлемі» театрландырылған қойылымдар байқауының аудандық кезеңі өтті.
🎯 Байқаудың мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, театр өнеріне қызығушылығын арттыру, сахналық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ педагогтердің шығармашылық ізденісін қолдап, озық тәжірибелерін насихаттау.
Қатысушылардың қойылымдарын тамашалаған әділқазылар алқасы жұмыстарды байқау ережесінде белгіленген өлшемшарттар бойынша бағалап, жеңімпаздарды анықтады. 🏆
🥇 Бас жүлде – «Балауса-Балғын» бөбекжайының «Қарлығаш» ересек тобы.
Қойылым жетекшілері: Л. Тусипова, Д. Исбекова.
🥈 І орын – «Жетіарал мектеп-балабақшасы» кешені» КММ-нің «Балбөбек» шағын орталығындағы «Балауса» ересек тобы.
Жетекшілері: А. Базарбаева, К. Хамзина.
🥈 ІІ орын – «Балауса-Балғын» бөбекжайының 4 жастағы ересек тобы, Қосын Айтөре.
🥈 ІІ орын – Б. Момышұлы атындағы негізгі орта мектебінің тәрбиеленушілері Қайырбеков Азамат пен Серік Құдірет.
🥉 ІІІ орын – «Абай атындағы орта мектебі» КММ-нің мектепалды сыныбы.
🥉 ІІІ орын – «Жасұлан» бөбекжайының ересек тобы.
🥉 ІІІ орын – «Қ. Билялов атындағы мектеп-лицейі» КММ-нің «Айгөлек» шағын орталығының ересек тобы.
✨ «Ертегі әлемінің жұлдыздары» номинациясы – «Ай-Тұмар» жеке меншік балабақша-бөбекжайы, жетекшісі А. Сәлімбекова.
✨ «Болашақ театры» номинациясы – «Балауса-Балғын» бөбекжайы, жетекшілері Г. Хабибулина, Ж. Шағманова.
👏 Барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт, толағай табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!
Развитие среднего общего образования
05 октября 2026
«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ – 2026» БАЙҚАУЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ІІІ ОРЫН!
«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ – 2026» БАЙҚАУЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ІІІ ОРЫН!
Шығыс Қазақстан облысы педагогтері арасында өткен «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2026» республикалық байқауының өңірлік кезеңінде Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектебі» КММ-нің информатика пәні мұғалімі Садуакасова Гульмира Кайырбаевна «Экологиялық сауаттылық» бағыты бойынша ІІІ орынға ие болды.
Бұл жетістік – педагогтің кәсіби ізденісі, шығармашылық еңбегі мен заманауи білім беру үдерісіне жаңашыл идеяларды енгізудегі нәтижелі жұмысының көрінісі.
👏 Гульмира Кайырбаевнаны жүлделі орнымен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, жаңа идеялар, кәсіби биіктер мен толағай жетістіктер тілейміз!
Воспитательно-профилактическая работ
Центр педагогической поддержки родителей
05 октября 2026
«Бала қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік»
«Бала қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік»
2026 жылдың 2 қазан күні «К.Төгісов атындағы орта мектебі» КММ-де «Бала қауіпсіздігі және ата-ананың құқықтық жауапкершілігі: заң талаптарын сақтау – ортақ міндет» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Жиынның мақсаты – бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-аналардың құқықтық жауапкершілігін арттыру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Кездесу барысында мынадай маңызды мәселелер қарастырылды:
🔹 бала қауіпсіздігі және ата-ананың құқықтық жауапкершілігі;
🔹 кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруіне жол бермеу;
🔹 «Заң және тәртіп» қағидатын отбасында орнықтыру және балалардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру;
🔹 буллинг пен кибербуллингтің, интернет-алаяқтықтың және зиянды онлайн-контенттің алдын алу.
Жиынға Тарбағатай ауданының прокуроры Смиев Алмас Сәбитұлы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Шектібаева Гүлнұр Советханқызы және Тарбағатай ауданы полиция бөлімінің ҚҚБ бастығының міндетін атқарушы, полиция капитаны Зейтин Мақсат қатысты.
Қатысушылар ата-аналарға бала тәрбиесіндегі құқықтық жауапкершіліктің маңызы, жасөспірімдердің қауіпсіз ортада өмір сүруін қамтамасыз ету, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлерден қорғау жөнінде маңызды ақпарат берді.
Бала қауіпсіздігі – мектептің, ата-ананың және бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Баланың құқығын қорғау, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заң талаптарын сақтау – баршамызға жүктелген жауапты міндет.
🤝 Мектеп + ата-ана + қоғам = қауіпсіз балалық шақ!
Развитие среднего общего образования
05 октября 2026
5 қазан – Мұғалім күні
Құрметті мұғалімдер, ардагер ұстаздар!
Сіздерді 5 қазан – Мұғалім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұрпақ тәрбиесі мен білім беру жолындағы еңбектеріңізге алғыс білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, кәсіби табыс және шәкірттеріңіздің биік жетістіктерін тілеймін!
Мереке құтты болсын!
Самал Нағызханқызы Дауытбаева,
Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы
Развитие среднего общего образования
02 октября 2026
«ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАЛҒАСАДЫ»: АБАЙ МЕКТЕБІ – III ОРЫН ИЕГЕРІ
«ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАЛҒАСАДЫ»: АБАЙ МЕКТЕБІ – III ОРЫН ИЕГЕРІ!
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық жобасына қатысушы – Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектебі» КММ V Ұлттық қайырымдылық конференциясы аясында өткен «Жақсылық жалғасады» бейнероликтер байқауында III орын иеленді!
🎁 Жүлде – толық жинақталған спорт алаңы.
Бұл жетістік – мектеп ұжымының белсенді азаматтық ұстанымының, қайырымдылық құндылықтарын насихаттауға қосқан үлесінің және қоғамға жаңа мүмкіндіктер жасауға деген ұмтылысының жарқын көрінісі.
Абай атындағы орта мектебінің ұжымын айтулы жеңісімен құттықтаймыз! Жаңа спорт алаңы оқушылардың спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануына кең мүмкіндік берсін!
Работа с одаренными детьми
01 октября 2026
Құттықтаймыз, аудан оқушыларының жеңісі құтты болсын!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Қабдеш Жұмаділовтің туғанына 90 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» атты аймақтық байқауда Тарбағатай ауданының оқушылары жүлделі орындарға ие болды:
🥇 М.Әуезов атындағы Ақжар мектеп-интернат-колледжінің 10-сынып оқушысы Қуанышев Тілеген – І орын. Жетекшісі – Р.Мукашева.
🥈 Жамбыл атындағы мектеп-балабақша кешенінің 9-сынып оқушысы Нұртазанова Балнұр – ІІ орын. Жетекшісі – Г.Акбидаева.
Жеңімпаз оқушыларымыз бен жетекшілерін құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз! 💐👏
Социальные сети
Меню подвал
Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы