«ҒАЖАЙЫП ТЕАТР ӘЛЕМІ» БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

«ҒАЖАЙЫП ТЕАТР ӘЛЕМІ» БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ
«ҒАЖАЙЫП ТЕАТР ӘЛЕМІ» БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ 🌟
📅 2026 жылғы 12 қазанда Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілер мен педагогтер арасында «Ғажайып театр әлемі» театрландырылған қойылымдар байқауының аудандық кезеңі өтті.
🎯 Байқаудың мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, театр өнеріне қызығушылығын арттыру, сахналық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ педагогтердің шығармашылық ізденісін қолдап, озық тәжірибелерін насихаттау.
Қатысушылардың қойылымдарын тамашалаған әділқазылар алқасы жұмыстарды байқау ережесінде белгіленген өлшемшарттар бойынша бағалап, жеңімпаздарды анықтады. 🏆
🥇 Бас жүлде – «Балауса-Балғын» бөбекжайының «Қарлығаш» ересек тобы.
Қойылым жетекшілері: Л. Тусипова, Д. Исбекова.
🥈 І орын – «Жетіарал мектеп-балабақшасы» кешені» КММ-нің «Балбөбек» шағын орталығындағы «Балауса» ересек тобы.
Жетекшілері: А. Базарбаева, К. Хамзина.
🥈 ІІ орын – «Балауса-Балғын» бөбекжайының 4 жастағы ересек тобы, Қосын Айтөре.
🥈 ІІ орын – Б. Момышұлы атындағы негізгі орта мектебінің тәрбиеленушілері Қайырбеков Азамат пен Серік Құдірет.
🥉 ІІІ орын – «Абай атындағы орта мектебі» КММ-нің мектепалды сыныбы.
🥉 ІІІ орын – «Жасұлан» бөбекжайының ересек тобы.
🥉 ІІІ орын – «Қ. Билялов атындағы мектеп-лицейі» КММ-нің «Айгөлек» шағын орталығының ересек тобы.
✨ «Ертегі әлемінің жұлдыздары» номинациясы – «Ай-Тұмар» жеке меншік балабақша-бөбекжайы, жетекшісі А. Сәлімбекова.
✨ «Болашақ театры» номинациясы – «Балауса-Балғын» бөбекжайы, жетекшілері Г. Хабибулина, Ж. Шағманова.
👏 Барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт, толағай табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!