
№14 Талап орта мектебінде - 103 оқушы білім алады. Бұл білім ошағында 33 мұғалім білім береді.
Талап орта мектебінде 3 жастан жоғары 25 балаға толық күнге «Еркетай» шағын орталығы жұмыс атқарып тұр.Шағын орталықта 4 мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген. Мектепке дейінгі даярлық сыныбында – 20 бала бар.
Талап селосында, 1 клуб, 1кітапхана бар. Бұл мәдиниет ошақтарында мемлекеттік және кәсіби мерекелер іс-шаралары жоспарлы түрде (қарттар күні,тіл мерекесі, рәміздер күні тағы сол сияқты іс-шаралар) өткізілуде. Атап айтсақ, «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» 1 мамыр Халықаралық бірлігі күніне арналған іс- шара, 1 маусым «Біз сүйкімді балдырған» атты мерекелік іс – шара, «Ән падишасы» атты онлайн ән байқауы, «Халықаралық қарттар» мерекесіне орай концерттік іс- шара, «Супер ата» онлайн қойылымы, сонымен бірге Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған әр түрлі іс- шаралар ұйымдастырылды.
Талап селолық мәдиниет үйінде домбыра, ән үйірмелері жұмыс атқарады.
Жылда 8 март аналар мерекесіне орай батыр, ардақты аналарымызға ауыл клубының дайындаған концерттік бағдарламалары мен ауыл әкімінің және қала әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталады. Сондай-ақ 1 маусым балалар күніне , жаңа жыл мерекесінде балалар ертеңгілігінде тәттілер, сый сыйапаттары беріліп үлестірілді.
2021 жылдың 31 желтоқсанында ата-аналар мен оқушылардың қатыстырылуымен жыл атауы мүсіндері жасалып, үздік мүсіндерге номинация бойынша орындар беріліп, белсене қатысқан барлық сыныптар марапат қағаздарымен, сыйлықтармен марапатталды. Одан соң ауыл тұрғындарына кешкілік көгілдір от , би кеші ұйымдастырылды.
19 слайд
Бүгінгі күні ауыл тұрғындарына С.Сейфуллин атындағы кітапхана бөлімшесі қызмет көрсетеді, ондағы кітап қорының саны– 8049, оның оқырмандар саны – 605 адам.
Кітапхана меңгерушісі Р. Байбосынова карантин кезеңіне байланысты барлық жоспарлы іс – шараларды онлайн түрде өткізді. Атап айтсақ, Кел жастар, кітап оқылық» атты ақпарат сағаты, «Саналы ұрпақ- білімді болашақ» оқушылармен кітапханаға саяхат, «Ұрпақтар ұмытпайтын – Ұлы Жеңіс» атты виртуалды кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Денсаулық сақтау
Бүгінгі күні медицина саласы бойынша округте фельдшерлік акушерлік пункт қызмет көрсетеді. Қалалық Емханадан бекітіп берілген жұмыс кестесі бойынша жұмыс атқаратын 1 медбике және ЖОББ №14 мектепте 1 медбике бар.
Бүгінгі күні ауылымызда қалалық Емхананың атынан әлеуметтік төмен бағамен ашылған дәріхана филиалы жұмыс істеп тұр.
2021 жылы фельдшерлік бөлімшеге тіркелген адам саны - 632
Бөлімшеге келіп емделгендер саны- 529
Үйге шақыртулар - 327
Скрининг бойынша тексеруден өткендер – 139
Округ бойынша жылжымалы рентген көлігі келіп ауыл халқы 100 пайыз флюрографиялық тексерістен өтті. Бүгінгі күні ауылдың 97% тұрғындары «Даму мед» интернет желісі арқылы қалалық емханаға дәрігерлердің қабылдануына тіркеліп, тиісті ем – домдарын алуда. Короновирусқа қарсы 100 % вакцина жасалды.