Меню

Страницы

Статья

Культура, образование и здравохранение

№14 Талап орта мектебінде - 103 оқушы білім алады. Бұл білім ошағында 33  мұғалім  білім  береді.

Талап орта мектебінде 3 жастан жоғары 25 балаға толық күнге «Еркетай» шағын орталығы жұмыс атқарып тұр.Шағын орталықта 4 мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген. Мектепке дейінгі даярлық сыныбында – 20 бала бар.

Талап селосында, 1 клуб, 1кітапхана бар. Бұл мәдиниет ошақтарында мемлекеттік және кәсіби мерекелер іс-шаралары жоспарлы түрде (қарттар күні,тіл мерекесі, рәміздер күні тағы сол сияқты іс-шаралар) өткізілуде. Атап айтсақ, «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» 1 мамыр Халықаралық бірлігі күніне арналған іс- шара, 1 маусым «Біз сүйкімді балдырған» атты мерекелік іс – шара, «Ән падишасы» атты онлайн ән байқауы, «Халықаралық қарттар» мерекесіне орай концерттік іс- шара, «Супер ата» онлайн қойылымы, сонымен бірге Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған әр түрлі іс- шаралар ұйымдастырылды.

Талап селолық  мәдиниет үйінде домбыра, ән үйірмелері жұмыс атқарады.

Жылда 8 март аналар мерекесіне орай батыр, ардақты аналарымызға ауыл клубының дайындаған концерттік бағдарламалары мен ауыл әкімінің және қала әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталады. Сондай-ақ 1 маусым балалар күніне ,  жаңа жыл мерекесінде балалар ертеңгілігінде  тәттілер, сый сыйапаттары беріліп үлестірілді.

2021 жылдың 31 желтоқсанында ата-аналар мен оқушылардың қатыстырылуымен жыл атауы мүсіндері жасалып, үздік мүсіндерге номинация бойынша орындар беріліп, белсене қатысқан барлық сыныптар марапат қағаздарымен, сыйлықтармен марапатталды. Одан соң ауыл тұрғындарына кешкілік көгілдір от , би кеші ұйымдастырылды.

19 слайд

Бүгінгі күні ауыл тұрғындарына С.Сейфуллин атындағы кітапхана бөлімшесі қызмет көрсетеді, ондағы кітап қорының саны– 8049, оның оқырмандар саны  – 605 адам.

Кітапхана меңгерушісі Р. Байбосынова карантин кезеңіне байланысты барлық жоспарлы іс – шараларды онлайн түрде өткізді. Атап айтсақ, Кел жастар, кітап оқылық» атты ақпарат сағаты, «Саналы ұрпақ- білімді болашақ» оқушылармен кітапханаға саяхат, «Ұрпақтар ұмытпайтын – Ұлы Жеңіс» атты виртуалды кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Денсаулық сақтау 

Бүгінгі күні медицина саласы бойынша округте фельдшерлік акушерлік пункт қызмет көрсетеді. Қалалық Емханадан бекітіп берілген жұмыс кестесі бойынша жұмыс атқаратын 1 медбике және ЖОББ №14 мектепте 1 медбике бар.

Бүгінгі күні ауылымызда қалалық Емхананың атынан әлеуметтік төмен бағамен ашылған дәріхана филиалы жұмыс істеп тұр.

2021 жылы фельдшерлік бөлімшеге тіркелген адам саны - 632

Бөлімшеге келіп емделгендер саны- 529

Үйге шақыртулар - 327

Скрининг бойынша тексеруден өткендер – 139

Округ бойынша жылжымалы рентген көлігі келіп ауыл халқы 100 пайыз флюрографиялық тексерістен өтті. Бүгінгі күні ауылдың 97% тұрғындары «Даму мед» интернет желісі арқылы қалалық емханаға дәрігерлердің қабылдануына тіркеліп, тиісті ем – домдарын алуда. Короновирусқа қарсы 100 % вакцина жасалды. 

Дата публикации
02 марта 2022
Дата обновления
02 марта 2022
Тип
Информация

Сейчас читают

11 января 2024
Краткая инструкция для заявителя по подаче обращения на «Прием граждан» (запись)
Информация
02 марта 2022
Газификация села Талап
Информация
02 марта 2022
Культура, образование и здравохранение

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы