Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті Қаражал қаласының Статистика бөлімінің басшысы, С-О-4 санаты, функционалдық блок«А», 1 бірлік, №12-1 индексіормам Республики Казахстан по области Ұлытау, категория C-О-4, функциональный блок «A», 1 единица, индекс №12-1
Ұлытау облысы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Бағалау
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
- Спорт менеджменті
Функционалды міндеттер
Бөлім қызметіне басшылық етеді, бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына, бөлімдегі атқарушылық және еңбек тәртібінің жағдайына жеке жауапкершілік жүктеледі.
Бөлімнің қызметін жоспарлауды жүзеге асырады, бөлім жоспарының орындалуын бақылайды және қамтамасыз етеді.
Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды ұйымдастырады, бақылайды және жүргізеді.
Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бармай профилактикалық бақылау нысанында әкімшілік көздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады, бақылайды және жүргізеді.
Респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы респонденттердің қатысуынсыз профилактикалық бақылау нысанында мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады, бақылайды және жүргізеді.
Ұлттық санақтар жоспарын іске асыруды ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды.
Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу кезінде өтеулі қызмет көрсету шартын орындау бойынша интервьюерлердің жұмыстарын ұйымдастырады және бақылайды.
Респонденттермен және интервьюерлер мамандармен оқыту семинарын жүргізу бойыша жұмысты ұйымдастырады, жүргізеді және бақылайды.
Респонденттерге және интервьюерлер-мамандарға әдістемелік көмек көрсетеді.
Қазақстан Республикасының заңнамалықтарына сәйкес басқа функцияларды жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
statuly@aspire.gov.kz
- Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Шевченко көшесі, 36
-
8 (7102) 41-46-68