Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті Сауда және қызмет көрсету статистикасы бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, функционалдық блок «А», 1 бірлік, №10-3 индексі
Ұлытау облысы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Бағалау
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
- Спорт менеджменті
Функционалды міндеттер
Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес ішкі және өзара сауда, энергетика, көлік, байланыс, қызмет көрсету, мәдениет, туризм, инновация, ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізеді.
Ішкі және өзара сауда, энергетика, көлік, байланыс, қызмет көрсету, мәдениет, туризм, инновация, ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасы бойыншареспонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік бақылауды жүргізеді.
Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бармай профилактикалық бақылау нысанында әкімшілік көздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүргізеді.
Статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес таратылуы тиіс, статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде ішкі және өзара сауда, энергетика, көлік, байланыс, қызмет көрсету, мәдениет, туризм, инновация, ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасыбойынша статистикалық жарияланымдарды қалыптастыруды және ресми статистикалық ақпаратты таратуды жүзеге асырады.
Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу кезінде өтеулі қызмет көрсету шартын орындау бойынша интервьюерлердің жұмысын бақылайды.
Ішкі және өзара сауда, энергетика, көлік, байланыс, қызмет көрсету, мәдениет, туризм, инновация, ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасыбойынша респонденттермен және отын мен энергияны тұтынуы статистикасы бойынша интервьюерлермен оқыту семинарларын өткізеді.
Ішкі және өзара сауда, энергетика, көлік, байланыс, қызмет көрсету, мәдениет, туризм, инновация, ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасыбойынша респонденттерге және аумақтық статистика бөлімдерінің мамандарына әдістемелік көмек көрсетеді.
Бөлімнің негізгі қызметінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, мемлекеттік органдардың сұраныстарын қарауды және жауаптарды уақытылы және сапалы дайындауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заңнамалықтарына сәйкес басқа функцияларды жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
statuly@aspire.gov.kz
- Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Шевченко көшесі, 36
-
8 (7102) 41-46-68