Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті Тіркелімдер және құрылымдық статистика бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, функционалдық блок «А», 1 бірлік, №5-2 индексі
Ұлытау облысы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Бағалау
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
- Спорт менеджменті
Функционалды міндеттер
Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес кәсіпорындар статистикасы, құрылымдық статистика, конъюнктуралық зерттеу бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізеді.
Бөлімнің жұмыстар жоспарларына сәйкес статистикалық бизнес-тіркелімін, ауыл шаруашылық статистикалық тіркелімін, тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімін жүргізуді және өзектендіруді жүзеге асырады.
Кәсіпорындарстатистикасы, құрылымдық статистика, конъюнктуралық зерттеу бойынша респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік бақылауды жүргізеді.
Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша репонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында әкімшілік көздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүргізеді.
Статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес таратылуы тиіс, Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде кәсіпорындар статистикасы, тұрғын үй қоры статистикасы, құрылымдық статистика, конъюнктуралық зерттеу бойынша статистикалық жарияланымдарды қалыптастыруды және ресми статистикалық ақпаратты таратуды жүзеге асырады.
Кәсіпорындар статистикасы, құрылымдық статистика, конъюнктуралық зерттеу бойынша респонденттермен оқыту семинарларын өткізеді.
Кәсіпорындар статистикасы, тұрғын үй қоры статистикасы,құрылымдық статистика, конъюнктуралық зерттеу бойынша респонденттерге және аумақтық статистика бөлімдерінің мамандарына әдіснамалық көмек көрсетеді.
Бөлімнің негізгі қызметінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, мемлекеттік органдардың сұраныстарын қарауды және жауаптарды уақытылы және сапалы дайындауды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
statuly@aspire.gov.kz
- Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Шевченко көшесі, 36
-
8 (7102) 41-46-68