Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті Статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, функционалдық блок «А», 1 бірлік, №4-2 индексі

Аймақ

Ұлытау облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
  • Бағалау
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит
  • Спорт менеджменті

Функционалды міндеттер

Департаменттің жұмыстар жоспарларын қалыптастырады және олардың орындалуын бақылайды.Жиынтық статистикалық жарияланымдарды шығаруды жүзеге асырады.

Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын қызметті, іс-шараларды жоспарлау және статистикалық ақпаратты тарату бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді.

Статистикалық ақпаратты қолданушылардың қанағаттану сауалнамалары туралы ақпаратты талдайды, ұйымдыстырады және жүргізеді, қолданушылардың қанағаттануын арттыру бойынша шаралар қабылдайды.

Ақпараттық қызмет бойынша (статистикалық жарияланымдардың дизайны, беттеу) шарттық міндеттемелерінің орындалуын бақылайды.

Өндірістік кеңестер, семинарлар, бұқаралық ақпарат құралдарымен баспасөз конференциялар, Департамент қызметінің сұрақтары бойынша «Ашық есік күндерін», «дөңгелек үстелдер» жүргізу үшін материалдар дайындайды.

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсының Ұлытау бөлімінде ақпарат орналастыруды және жаңартуды үйлестіреді және бақылайды.

Ақпараттық қызметтерге (статистикалық жарияланымдардың дизайны, беттеу) техникалық ерекшелік дайындайды.

Статистикалық жарияланымдарды корпоративтік стильді қолдану жөніндегі нұсқауға сәйкес ресімдеуді бақылауды іске асырады.

Мемлекеттік құпияларды қорғауды, оның ішінде құпия іс-жүргізуді жүзеге асырады.

Мемлекеттік органдардың сұраныстарын уақытылы және сапалы қарастырылуын және жауаптардың дайындалуын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының заңнамалығына сәйкес басқа функцияларды жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 24.11.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

25.11.2022 – 05.12.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Шевченко көшесі, 36

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7102) 41-46-68