Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті Персоналды басқару қызметінің басшысы, С-О-4 санаты, функционалдық блок «B», 1 бірлік, №3-1 индексі
Ұлытау облысы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Кеден ісі
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Бағалау
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
- Спорт менеджменті
Функционалды міндеттер
Бөлім қызметіне басшылық етеді, бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына, бөлімдегі атқарушылық және еңбек тәртібінің жағдайына жеке жауапкершілік жүктеледі.
Департаменттің персоналды басқару стратегиясын әзірлейді және іске асырады.Бөлімнің жоспарын әзірлейді, олардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органның кадрларға, оның ішінде мамандықтар және біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдайды және жоспарлайды. Кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеу бойынша қызметті ұйымдастырады.
Департаменттің кадр мониторингін және кадрлық іс жүргізуді жүзеге асырады.Департаментте кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастырады.
Кадрлардың кәсіби дамуын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді белгіленген мерзімдерге сәйкес тағылымдамалардан, даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жолымен ұйымдастырады.
Конкурстық, тәртіптік, аттестациялау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне аттестаттау мен оқытуды, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйесінде), қызметін өткеру, қызметтік тексерулер мен тоқтату рәсімдерін сақтауына, бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді.
Кадрларды іріктеуді ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асырады, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды жүргізуді ұйымдастырады.
Департаментте еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз етеді, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамалығының орындалуы бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді.
Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлейді.
Белгіленген нысандар бойынша уәкілетті органға ақпарат пен есептер дайындайды.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мемлекеттік органдардың сұраныстарын уақытылы және сапалы қарастырылуын және жауаптардың дайындалуын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалықтарымен анықталған персоналды басқару бойынша басқа міндеттер мен функцияларды іске асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
statuly@aspire.gov.kz
- Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Шевченко көшесі, 36
-
8 (7102) 41-46-68