Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті Ішкі әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, функционалдық блок «B», 1 бірлік, №2-2 индексі

Аймақ

Ұлытау облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

208062

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Кеден ісі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
  • Бағалау
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит
  • Спорт менеджменті

Функционалды міндеттер

Экономикалық жоспарлау жұмысын жүзеге асырады. Міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың жеке жоспарларын құрады және қаржыландырудың жеке жоспарына өзгертулер мен толықтырулар енгізеді; Қазақстан Республикасының бюджет шығыстарының экономикалық жіктегішінің ерекшеліктері бойынша шығындарға есептеу дайындайды. Бюджеттік өтінімдер, бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарлама) қаржыландырудың перспективті жоспарларының жобаларын жасайды.Штат кестесін және еңбекке төлем қорының есептеуін құрайды.Бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді, міндеттемелер жоспарына сәйкес төлемдер және міндеттерді уақытылы қабылдамау себептері бойынша жоспарларды орындамау жөнінде ақпарат дайындайды.

Бюджет қаражатын және материалдық ресурстарды пайдалану бойынша Департамент қызметіне кешенді экономикалық талдау жасайды.

Департамент қызметінің бухгалтерлік және экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізеді.

Бухгалтерлік есеп шоттары және экономикалық жіктегіш ерекшеліктері бойынша бюджет қаражатының шығысталуына талдау жүргізеді.

Қазақстан Республикасының бюджет шығыстарының экономикалық жіктегішінің ерекшеліктері және бюджеттік шоттары бойынша бухгалтерлік есепті жүргізеді.

Өтінім берілген және атқарушылық құжаттар бойынша табыстарды аударуды және салықтар мен басқа алымдарды алуды жүргізеді.

Деректердің салық есебін жүргізеді, белгіленген мерзімдерде уәкілетті органға салық есебін ұсынады және құрады.

Статистикалық есептер жасайды.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалығына сәйкес қаржы операциялары бойынша алғашқы құжаттарды орындауды және рәсімдеуді қамтамасыз етеді.

«1С-Кәсіпорын» бағдарламасында, «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесінде, бюджеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді.

Тауарлық-материалдық құндылықтардың, талдамалық есеп және қалдықтарды шығару карточкасының (кітабының) кіріс және шығысы бойынша есеп жүргізеді.

Тауарлық-материалдық құндылықтарға қойма есебін ұйымдастырады, қоймадағы тауарлық-материалдық құндылықтардың қозғалысы, пайдалануы және сақталуы бойынша операцияларды жүзеге асырады.

Бухгалтерлік есеп қағидаларына сәйкес мемориалдық-ордерлік нысан бойынша бухгалтерлік есеп жүргізеді.

Уәкілетті органға белгіленген нысандар бойынша ақпарат және есептілік дайындайды.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мемлекеттік органдардың сұраныстарын уақытылы және сапалы қарастырылуын және жауаптардың дайындалуын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарауды және оларға жауаптар дайындауды қамтамасыз етеді және бақылайды.

Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғаларға консультация  жүргізеді.

Департаменттің электрондық мекенжайына келіп түскен электрондық почтаны қабылдауды және таратуды жүзеге асырады.

Заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша есептерді дайындауды және уақытылы ұсынуды жүзеге асырады.

Мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін уақытында, сапалы қарастырылуын және жауап дайындалуын қамтамасыз етеді

Қазақстан Республикасының заңнамалығымен анықталған Бөлім бойынша басқа міндеттер мен функцияларды іске асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 24.11.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

25.11.2022 – 05.12.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Шевченко көшесі, 36

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7102) 41-46-68