Өнеркәсіп, қоршаған орта және ауыл шаруашылығы статистикасы бөлімінің бас маманы (С-О-5 санаты), 1 бірлік (№06-4).

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

Аймақ

Жетісу облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

    Қосымша талаптар

    «Бизнес, басқару және құқық»; «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» (статистика, экология, биотехнология); «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» (информатика, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету); «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» (автоматтандыру және басқару, азық-түлік өнімдерінің технологиясы (сала бойынша), инженер-технолог, инженер-механик, жерге орналастыру, кадастр); «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» бөлімдерінің мамандықтары және экономист, бухгалтер, өнеркәсіпті жоспарлау мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

    Функционалды блок "А"

    Функционалды міндеттер

    Есептер мен біржолғы зерттеулер материалдарына талдау жасау; экономикалық шолуларды шығару; Статистикалық есептердің сапалы, уақытылы, дұрыс  орындалуына бақылау жасау. Ұйымдар мен кәсіпорындарда алғашқы есеп пен есептіліктің дұрыстығын тексеру, есептік деректердің дұрыстығына тексеруді ұйымдастыру және жүргізу. Тексеруді қорытындылау; Нұсқаулық шолу хаттарын дайындау, нұсқаулар мен семинарлар өткізу; Мәліметтердің сақталу және архивталу жүйесінің қызметін, статистикалық мәліметтер базасының және ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;  Өңірлік статистика бөлімдерімен нұсқаулар мен семинар-кеңестер өткізу; Е-статистика жұмысын алып жүру; заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз ету; Мемлекеттік тілді білу, дербес компьютерде жұмыс істей білу. 

     

    Ескертпе

    Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


    Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
    Тестілеу бағдарламалары

    Жарияланған күні: 23.11.2022

    Ішкі конкурс

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:

    24.11.2022 – 28.11.2022
    Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

    Қажетті құжаттар

    • Тізімᅠ
    • Өтініш үлгісіᅠ
    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу орны

    Талдықорған қаласы, Қаратал мөлтек ауданы 22«Б»

    Анықтама алу үшін байланыс

    8(728)241-39-18