Статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс бөлімінің басшысы (С-О-4 санаты ), 1 бірлік (№04-1).

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

Аймақ

Жетісу облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

    Қосымша талаптар

    Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім.

    Функционалды блок  "А"

    Функционалды міндеттер

    Бөлім жұмысына басшылық жасау; Бөлім қызметін ұйымдастыру және үйлестіру, Бөлімнің алдына қойылған міндеттерді іске асыру. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешім қабылдау. Департамент  басшылығының бұйрық, нұсқауларын, тапсырмаларын орындау, департаменттің кеңейтілген мәжілістері және жоспарлы жиналыстардың хаттамасын жүргізу; заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз ету; Экономика салалары бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша ақпаратты дайындау, жарияланымдарды, хаттарды дайындау; Департаменттің құжат айналымы бойынша іс жүргізу; Ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарымен айналысу; Бөлім қызметкерлері арасында міндеттемелерді бөлу және іс қағаздарын  жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау; Статистикалық ақпараттың талдауын жүргізу және ұйымдастыру. Сала аралық статистикалық ақпаратты ұсыну бойынша жұмыстарды үйлестіру (жиынтық). Қоғаммен және БАҚ-мен жұмыс істеу. мемлекеттік тілді білу, дербес компьютерде жұмыс істей білу.

    Ескертпе

    Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


    Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
    Тестілеу бағдарламалары

    Жарияланған күні: 23.11.2022

    Ішкі конкурс

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:

    24.11.2022 – 28.11.2022
    Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

    Қажетті құжаттар

    • Тізімᅠ
    • Өтініш үлгісіᅠ
    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу орны

    Талдықорған қаласы, Қаратал мөлтек ауданы 22«Б»

    Анықтама алу үшін байланыс

    8(728)241-39-18