ҚР СЖРА ҰСБ Атырау облысы бойынша департаментінің Респонденттермен жұмыс бөлімінің басшысы
Атырау облысы
126357 - 170599
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және басшылық жасау. Бөлімнің жұмыс жоспарының жасақталуын және орындалуын қамтамасыз ету. Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес респонденттерден алғашқы статистикалық деректерді жинауды қамтамасыз ету. Респонденттерді статистикалық нысандардың бланкаларымен, нұсқаулықтармен қамтамасыз ету жұмысын үйлестіру. Алғашқы статистикалық деректердің респонденттермен он-лайн режимінде ұсынылуын арттыру шараларын қабылдау. Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды жүргізу. Басшылықтың бұйрықтары мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету. Бөлім құзыреті шегінде респонденттерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын сақтау. Бөлім құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен әрекеттесу. Блок (В)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 09.12.2022
- «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті» РММ 060007 Атырау қаласы, Махамбет көшесі, 116 «б»,
-
8 (712) 232-42-56