Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Статистикалық процестерді дамыту департаменті Пайдаланушылармен жұмыс басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Астана қаласы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Филология
- Аударма ісі
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Кеден ісі
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Психология
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Туризм
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
Функционалды міндеттер
Ресми статистикалық ақпаратты тарату процесін ұйымдастыру және жетілдіру; ресми статистикалық ақпаратты тарату саласындағы салалық және аумақтық департаменттердің қызметін ұйымдастыру; ресми статистикалық ақпаратты тарату мәселелері бойынша пайдаланушылармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру; бұқаралық ақпарат құралдарымен (БАҚ)өзара іс-қимыл жасау және жұмысты үйлестіру; шарттық міндеттемелер шеңберінде статистикалық жарияланымдарды дайындау ,көбейту және тарату бойынша қызмет көрсетушілердің қызметін ұйымдастыру (санақтар бойынша жарияланымдарды қоспағанда); тоқсан сайынғы "Экономика және статистика" ғылыми-ақпараттық журналын қалыптастыру және бекіту жұмысын ұйымдастыру; "ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау іс-шараларын жүзеге асыру".
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, № 4 кіреберіс
-
74-94-46, 74-95-29