Тіркелімдер және респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау, құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (С-О-5 санаты) , 2 бірлік (№05-3; №05-4).
Жетісу облысы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
«Бизнес, басқару және құқық»; «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» (математика, статистика); «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» (информатика, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету) бөлімдерінің мамандықтары және экономист, бухгалтер мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Функционалды блок "А"
Функционалды міндеттер
Әдістемелік талаптарға сәйкес алғашқы статистикалық мәліметтерді жинауды, өңдеуді және талдауды қамтамасыз ету; Статистикалық бюллетендерді қалыптастыру, баяндамаға арналған материалдарды дайындау, мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың сауалдары негізінде анықтамалық-ақпараттық қызметтер көрсету; Заңды тұлғалардың, филиалдардың, өкілдіктердің және жеке кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) мәліметтерін өңдеу; Статистикалық бизнес-тіркелімде проблемалық бірліктерді түзету. Қалыптасқан каталог бойынша салалық басқармалардың жұмыспен өтеу; Құқықтық жұмыстарды жүзеге асыру (шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын елді мекендерге шығу арқылы нақтылау 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес тексеріс ұйымдастыру және жүргізу талаптарына сәйкес жүзеге асыру); Қолданыстағы әкімшілік деректерді пайдалану бойынша салалық басқармалармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Әдістемелік талаптарға сәйкес алғашқы статистикалық мәліметтерді жинауды, өңдеуді және талдауды қамтамасыз ету; Мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылауды іске асыру. Мемлекеттік органдарда қалыптастырылатын есептіліктің бірыңғай тізілімін жүргізу, Мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың сұраулары негізінде анықтамалық-ақпарат қызметін көрсету. Өз құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жауап беру. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау, қарау және әкімшілік жаза қолдану; Әкімшілік істер бойынша сот процестеріне қатысу, статистикалық мәліметтер базасының және ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету; мемлекеттік тілді білу, дербес компьютерде ескертулерін жұмыс істей білу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Талдықорған қаласы, Қаратал мөлтек ауданы 22«Б»
-
8(775) 169 71 21- Айгерим