Статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс бөлімінің бас маманы (С-О-5 санаты ), 2 бірлік (№04-2;№04-4).

Аймақ

Жетісу облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

    Қосымша талаптар

    Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім.

     Функционалды блок "А"

    Функционалды міндеттер

    Экономика салалары бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері бойынша статистикалық жинақтарды дайындау, департаменттің кеңейтілген мәжілістері және жоспарлы жиналыстардың хаттамасын жүргізу, Құжаттардың орындалуына бақылау жасау; заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз ету; статистикалық мәліметтер базасының және ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басқару; Департаменттің жылдық жұмыс жоспарын, жарияланымдар тізбесін  жасау; жинақтық статистикалық жұмыстарды ұйымдастыру; Статистикалық ақпаратты, статистикалық жинақтар мен бюллетендерді шығаруды қамтамасыз ету; баспасөз хабарламаларын, жыл сайынғы АҚСБ-не арналған статистикалық жұмыстар жоспарын дайындау; Статистикалық мәліметтер қорын және ақпараттық жүйенің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; Жүйелерді, серверлар мен телекоммуникациялық қондырғылардың тұрақты жұмысын қадағалау; Департаменттің құжат айналымы бойынша іс жүргізу; Мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың сұраулары негізінде анықтамалық-ақпарат қызметін көрсету. Өз құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жауап беру.  Мемлекеттік тілді білу, дербес компьютерде жұмыс істей білу. Құпия жұмыстардың барлық түрін жүргізуде құпиялық режимді қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды әзірлеу және іске асыру; МҚҚБ-ға түскен құпия құжаттардың орындалуын бақылауды, құпия іс жүргізуді жүзеге асыру; Мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету бойынша негізгі іс-шаралардың жылдық жоспарын жасау; Жоғары тұрған мемлекеттік органның МҚҚБ-не мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша жасалған жұмыстардың жылдық есебін дайындау және ұсыну; Құпия режимін қамтамасыз ету бойынша есептер, нұсқаулықтар, жоспарлар мен сызбалар дайындау. Әкімшілік істер бойынша сот процестеріне қатысу, Департаменттің құжат айналымы бойынша жұмыстарын ұйымдастыру; статистикалық мәліметтер базасының және ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басқару; мемлекеттік тілді білу, дербес компьютерде жұмыс істей білу.

    Ескертпе

    Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


    Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

    Жарияланған күні: 21.11.2022

    Жалпы конкурс

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:

    22.11.2022 – 30.11.2022
    Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

    Қажетті құжаттар

    • Тізімᅠ
    • Өтініш үлгісіᅠ
    • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу орны

    Талдықорған қаласы, Қаратал мөлтек ауданы 22«Б»

    Анықтама алу үшін байланыс

    8(775) 169 71 21- Айгерим