Құрылыс және инвестиция статистикасы бөлімінің жетекші маманы (С-0-6 санаты, 1 бірлік) (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 09.09.2024 жылға дейін)
ҚР СЖРА ҰСБ Шымкент қаласының Статистика департаменті
Шымкент қаласы
180 517
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім
- Әлеуметтік ғылымдар
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Құрылыс
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Құзыреті шегінде статистикалық жұмыстардың жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды ұйымдастыру және жүргізу. Ресми статистикалық ақпаратты ресми статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес қалыптастыру. Қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық статистикалық дерекқор жинақтауды, жүргізуді және оны жаңартуды қамтамасыз ету. Құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жауаптарды дайындау.
Функционалды блок: В-3.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 28.11.2022
- «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті» РММ, 160012, Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 30 а
-
8 7252 39 50 45