Текелі статистика бөлімінің бас маманы (С-О-4 санаты) , 1 бірлік (№20-1)

Аймақ

Жетісу облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

    Қосымша талаптар

    Экономика саласында, техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, құрылыс, инженер-механик, инженер-гидротехник, материалтану және жаңа материалдар технологиясы, техник-электрик, техник-технолог, инженер-технолог, инженер-экономист), білім (физика және информатика), жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика), құқық, ауылшаруашылық ғылымдары, ветеринария,  өнеркәсіпті жоспарлау,  қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдау ұйымдастыру, туризм, жерге орналастыру, әлеуметтік жұмыс, кадастр, бағалау, логистика (сала бойынша)) бөлімдерінің мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

     

    Функционалды блок "А"

    Функционалды міндеттер

    Бөлім жұмысына басшылық жасау; статистикалық бақылау, біржолғы зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу. Статистикалық деректерді талдау және қорытындылау, талдамалы жазба, баяндама, жарияланымдарды, нұсқауылық шолу хаттарды  дайындау; Статистикалық жұмыстардың сапалы, уақытылы, дұрыс  орындалуына бақылау жасау. Ұйымдар мен кәсіпорындарда алғашқы есеп пен есептіліктің дұрыстығын тексеру, есептік деректердің дұрыстығына тексеруді ұйымдастыру және жүргізу. Тексеруді қорытындылау. Бөлімде іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру және бақылау; Статистикалық деректердің дұрыстығы мен толықтығына, есептердің дұрыс толтырылуы бойынша негізгі ережелерді жергілікті атқарушы органдар мен жеке және заңды тұлғаларға түсіндіру, нұсқау, семинар-кеңестер өткізу; статистикалық мәліметтер базасының және ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;  көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдау ұйымдастыру, туризм, жерге орналастыру, әлеуметтік жұмыс, кадастр, бағалау, логистика (сала бойынша), құрылыс және инвестициялар бойынша есеп жүргізу; Статистикалық бақылау, біржолғы зерттеулерді және ауыл шаруашылығы бойынша санақты ұйымдастыру және жүргізу; әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы  заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау, қарау және әкімшілік жаза қолдану; математикалық формуларды қолдану арқылы есептеу; Мемлекеттік тілді білу, дербес компьютерде жұмыс істей білу.

    Ескертпе

    Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


    Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
    Тестілеу бағдарламалары

    Жарияланған күні: 01.11.2022

    Ішкі конкурс

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:

    02.11.2022 – 04.11.2022
    Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

    Қажетті құжаттар

    • Тізімᅠ
    • Өтініш үлгісіᅠ
    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу орны

    Талдықорған қаласы, Абай көшесі , 241

    Анықтама алу үшін байланыс

    8(728)224-02-27