Бурабай ауданы Статистика басқармасының басшысы, санаты «С-О-3», 1 бірлік.
Ақмола облысы
141576 - 191482
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Ветеринария (білім беру саласы)
- Қызмет көрсету (білім беру саласы)
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметін ұйымдастыру, басқармаға жүктелген міндеттерді, Жұмыс жоспарын, басшылықтың бұйрықтарын, өкімдерін, тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау бойынша материалдарды құрастыру. Статистикалық есептіліктің уақтылы жинау және өңдеуді қамтамасыз ету, респонденттермен семинар-кеңестер ұйымдастыру және өткізу, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс ұйымдастыру, талдау материалдарын, баспасөз хабарламаларын, жедел ақпараттарды әзірлеу; еңбек және орындау тәртібінің жағдайын бақылау, басқарма жұмысының тиімділігін, әр маманға тапсырған жұмыс теліміне жауапкершілігін арттыруға шара қолдану, басқарманың мұрағаттық құжатнамасына байланысты жұмысты басқару және ісқағаздар жүргізу бойынша жұмыс ұйымдастыру. Департаменттің сапа менеджменті жүйесін жұмыс жағдайында ұстау және нәтижелілігін үнемі жақсарту жұмыстарын жүргізу. Қазақстан Республикасының заңнамалығына сәйкес басқа функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 19.06.2020
- Ақмола обл., Көкшетау қ., Н.Назарбаев даңғылы, 73, 314 каб
-
87162 25 81 84