Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департаментінің Қарасай ауданының статистика басқармасының жетекші маманы (индексі №15-7).
Алматы облысы
180 517
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім
- Құқық
- Жерге орналастыру
- Ветеринария
- Экономика
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
- Құрылыс
- Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
- Қызмет көрсету (білім саласы)
- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
- Туризм
- Әлеуметтік жұмыс
- Кадастр
- Бағалау
- Логистика (сала бойынша)
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
- Білім: физика
- Білім: информатика
Қосымша талаптар
инженер-механик және/немесе инженер-гидротехник және/немесе техник-электрик және/немесе техник-технолог және/немесе инженер-технолог және/немесе инженер-экономист
Функционалды міндеттер
Статистикалық бақылау, біржолғы зерттеулерді жүргізу; статистикалық есептілікті өңдеу, деректерді талдау және қорытындылау; Статистикалық жұмыс жоспарының сапалы, уақытылы, дұрыс орындалуына бақылау жасау; Ұйымдар мен кәсіпорындарда алғашқы есеп пен есептіліктің дұрыстығын тексеру, есептік деректердің дұрыстығына тексеруді ұйымдастыру және жүргізу. Тексеруді қорытындылау; статистикалық мәліметтер базасының және ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдау ұйымдастыру, туризм, жерге орналастыру, әлеуметтік жұмыс, кадастр, бағалау, логистика (сала бойынша), құрылыс және инвестициялар бойынша есеп жүргізу; Статистикалық бақылау, біржолғы зерттеулерді және ауыл шаруашылығы бойынша санақты ұйымдастыру және жүргізу; математикалық формуларды қолдану арқылы есептеу; Мемлекеттік тілді білу, дербес компьютерде жұмыс істей білу. Функционалдық блокы "В".
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы қаласы, Абай даңғылы 125
-
телефон 8 (727) 277-62-59