Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департаментінің Талғар ауданының Статистика басқармасының басшысы (индексі №18-1 ).

Аймақ

Алматы облысы

Санат

C-O-3 (Басқарма басшысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

317 807

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Жерге орналастыру
  • Экономика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
  • Құрылыс
  • Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
  • Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
  • Туризм
  • Әлеуметтік жұмыс
  • Кадастр
  • Бағалау
  • Логистика (сала бойынша)
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика
  • Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
  • Білім: физика
  • Білім: информатика

Қосымша талаптар

инженер-механик және/немесе инженер-гидротехник және/немесе техник-электрик және/немесе техник-технолог және/немесе инженер-технолог және/немесе инженер-экономист

Функционалды міндеттер

Басқарма жұмысына басшылық жасау; статистикалық бақылау, біржолғы зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу. Статистикалық деректерді талдау және қорытындылау, талдамалы жазба, баяндама, жарияланымдарды, нұсқауылық шолу хаттарды дайындау; Статистикалық жұмыстардың сапалы, уақытылы, дұрыс  орындалуына бақылау жасау. Ұйымдар мен кәсіпорындарда алғашқы есеп пен есептіліктің дұрыстығын тексеру, есептік деректердің дұрыстығына тексеруді ұйымдастыру және жүргізу. Тексеруді қорытындылау. Басқармада іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру және бақылау; Статистикалық деректердің дұрыстығы мен толықтығына, есептердің дұрыс толтырылуы бойынша негізгі ережелерді жергілікті атқарушы органдар мен жеке және заңды тұлғаларға түсіндіру, нұсқау, семинар-кеңестер өткізу; статистикалық мәліметтер базасының және ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдау ұйымдастыру, туризм, жерге орналастыру, әлеуметтік жұмыс, кадастр, бағалау, логистика (сала бойынша), құрылыс және инвестициялар бойынша есеп жүргізу; Статистикалық бақылау, біржолғы зерттеулерді және ауыл шаруашылығы бойынша санақты ұйымдастыру және жүргізу; әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы  заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау, қарау және әкімшілік жаза қолдану; математикалық формуларды қолдану арқылы есептеу; Мемлекеттік тілді білу, дербес компьютерде жұмыс істей білу.Функционалдық блогы "А".

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 22.10.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.10.2022 – 03.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Абай даңғылы 125

Анықтама алу үшін байланыс

телефон 8 (727) 277-62-59