ҚР СЖжРА ҰСБ Алматы қаласы бойынша департаментінің Құрылымдық статистика басқармасының бас маманы

Мемлекеттік орган

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

208 062

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Функционалдық блок: В

Лауазым деңгейі: 4

            Статистикалық әдіснамаға сәйкес статистикалық нысандар бойынша статистикалық байқауларды өткізу; «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 12-бабы 17), 18) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, 2-МП «Шағын кәсіпорын қызметі туралы есеп» (тоқсандық, жылдық); 11 «Негізгі қорлардың жай-күйі туралы есеп» (жылдық); 1-ПФ «Кәсіпорындарынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп» (тоқсандық, жылдық) нысандары бойынша бастапқы статистикалық деректерді жинауды, бақылауды және оларға өзгертулерді енгізуді жүзеге асыруға; КП-001 «Өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметін конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы»; КС-001 «Ауыл- шаруашылығы кәсіпорындарының қызметін конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы»; КС-002 «Құрылыс ұйымдарының қызметін конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы»; КСВ-1 «Байланыс кәсіпорындарының қызметін конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы»; КТ-001 «Сауда кәсіпорындарының қызметін конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы»; КТР-1 «Көлік кәсіпорындарының қызметін конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы»; КТУ-001 «Туристік ұйымдардың қызметін конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы»; Статистикалық тіркелімдер деректерін бастапқы статистикалық және әкімшілік деректердің негізінде жаңғыртуды өткізу; Статистикалық ақпараттарды шығару кестесіне сәйкес статистикалық ақпараттарды дайындау (жинақ, бюллетендерді, жыл сайынғы бөлімдерді, баяндама бөлімдерді, жедел ақпараттарды); Негізгі көрсеткіштер бойынша серпінділік қатарларын жүргізу; SpRecord мамандандырылған жүйесі арқылы респонденттерге автохабарлауды жүзеге асыру үшін кәсіпорындар тізімін уақытылы ұсыну; Респонденттермен оn-line тәртібіне көшіу бойынша қажетті жұмыстарды (түсіндіру, қоңырау шалу, жөнелту, семинарлар, вебинарлар және т.б.) жүргізу; Респонденттермен ұсынылған дәйексіз алғашқы статистикалық деректерді анықтау түрінде респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау респонденттерге бармай профилактикалық бақылау жүргізу; Бастапқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібінің бұзылғаны айқындалғанда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау туралы ұсыныстарды енгізу; Респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді бұрмалағаны айқындалғанда респонденттерден бастапқы статистикалық деректер бар статистикалық нысандарға түзетулерді енгізуді талап ету; Ресми дереккөздерден, соның ішінде мемлекеттік органдардың ресми Интернет-ресурстарынан алынған мәліметтерге мониторинг жүргізуде Заң басқармасымен өзара әрекеттесуді жүзеге асыруға қатысу; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, кіріс хаттардың жауаптарын дайындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 21.10.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.10.2022 – 02.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МБ

Сұхбаттасу орны

город Алматы, проспект Абая, 125

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 375-21-88