Заң басқармасының басшысы, санаты «С-О-3», 1 бірлік.
Ақмола облысы
141576 - 191482
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметін басқару, басшылықтың бұйрықтарын, өкімдері мен тапсырмаларын, жұмыс жоспарын, басқармаға жүктелген міндеттерді уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету. Заңнамамен белгіленген тәртіпте бірінші басшының бұйрығымен бекітілген құқықтық мониторингті өткізу кестесіне сәйкес нормативтік құқықтық актілерге мониторинг өткізу; Департаментте шығарылатын бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер және құқықтық сипаттағы басқа актілер жобаларының заңнама талаптарының сәйкестігіне заң сараптамасын жүргізу, басшыға қол қоюға ұсынғанға дейін оларға қол қою; Комитеттің құрылымдық бөлімшелері әзірлеген, Департаменттерге келісуге ұсынылатын нормативтік құқықтық актілерді келісу; Департаментте жалпы құқықтық оқытуды ұйымдастыру; құзыреті шегінде тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жобаларын заңдық сүйемелдеу; Департамент пен Комитет қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіпте Департамент пен Комитеттің мүдделерін сотта, сондай-ақ басқа ұйымдарда таныту; әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау бойынша материалдарды қарау кезінде салалық басқармалармен және аудандық (қалалық) басқармалармен, респонденттермен жұмыс жөніндегі және тіркелімдер басқармаларымен өзара іс-қимыл. Семинар-кеңестерді дайындауға және өткізуге қатысу. Департаменттің сапа менеджменті жүйесін жұмыс жағдайында ұстау және нәтижелілігін үнемі жақсарту жұмыстарын жүргізу. Департамент сайтында орналастыруға арналған материалдарды әзірлеу. Қазақстан Республикасының заңнамалығына сәйкес басқа функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 19.06.2020
- Ақмола обл., Көкшетау қ., Н.Назарбаев даңғылы, 73, 314 каб.
-
87162 25 81 84, 25 05 48