Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Әкімшілік жұмыс департаменті Мемлекеттік сатып алулар басқармасының бас сарапшысы, С-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің оқу демалысы мерзіміне 2023 жылғы 1 қазанға дейін, сондай-ақ негізгі қызметкер осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқылы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Астана қаласы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік сатып алу процесінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жеткізушілерін анықтау жөніндегі конкурстық комиссияның қызметіне қатысу; «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алда болатын мемлекеттік сатып алу конкурстары жөнінде конкурстық құжаттаманы әзірлеу және бекіту; қолданыстағы заңнамаға сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру; мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру; мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жобаларын әзірлеу; тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жеткізушілерімен мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын бақылау; басшылыққа, жоғары тұрған органдарға мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша ақпарат дайындау.
Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу; конкурстар, бір көзден келісу, баға ұсыныстары тәсілімен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жеткізушілерімен шарттардың жасалуын бақылау; орындалған жұмыстардың актілеріне сәйкес мемлекеттік тапсырыстың қаржыландырылуын қамтамасыз ету; ведомстволық бағынысты ұйымдардың мемлекеттік сатып алуларына мониторинг; қолданыстағы заңнамаға сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру; мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жобаларын әзірлеу; мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын бақылау; конкурстар тәсілімен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны және көлемінің экономикалық есептерін және негіздемелерін жасау; Бюроның мемлекеттік сатып алуларын жүргізу тәсілдері және мерзімдерін көрсетумен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жоспарланған номенклатура, көлемі бойынша мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, № 4 кіреберіс
-
74-94-46, 74-95-27