Сауда және қызмет көрсету статистикасы бөлімінің басшысы (С-О-4 санаты ), 1 бірлік (индекс №10-1)

Аймақ

Жетісу облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

    Қосымша талаптар

    Экономика саласында, құқықтық білімі, қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдау ұйымдастыру, туризм, жерге орналастыру, әлеуметтік жұмыс, кадастр, бағалау, логистика (сала бойынша)), техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету), ауыл шаруашылық ғылымдары, жаратылыстану ғылымдары (информатика)  бөлімдерінің мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

    Функционалды міндеттер

    Бөлім жұмысына басшылық жасау; Сауда және қызмет көрсету статистикасы бойынша санақты, біржолғы зерттеулерді, статистикалық бақылауларды ұйымдастыру және жүргізу. Статистикалық деректерді талдау және қорытындылау, жазба, баяндама, жарияланымдар мен нұсқаулық шолу хаттарды дайындау; Талдамалы және тексеру жұмыстары жоспарын жасау, статистикалық жұмыстардың сапалы, уақытылы, дұрыс  орындалуына бақылау жасау. Бөлімнің іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру және бақылау; Мәліметтердің сақталу және архивталу жүйесінің қызметін, статистикалық мәліметтер базасының және ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басқару; бөлімдегі Е-статистика жұмысын қадағалау; заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз ету; Статистикалық деректердің дұрыстығы мен толықтығына, есептердің дұрыс толтырылуы бойынша негізгі ережелерді жергілікті атқарушы органдар мен жеке және заңды тұлғаларға түсіндіру, нұсқау, семинар-кеңестер өткізу; заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз ету; Мемлекеттік тілді білу, дербес компьютерде жұмыс істей білу. Еңбек және орындаушылық тәртіптің сақталуын бақылау. Функционалдық блок "А"

    Ескертпе

    Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


    Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
    Тестілеу бағдарламалары

    Жарияланған күні: 11.10.2022

    Ішкі конкурс

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:

    12.10.2022 – 14.10.2022
    Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

    Қажетті құжаттар

    • Тізімᅠ
    • Өтініш үлгісіᅠ
    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу орны

    Талдықорған қ. Абая көшесі, 241

    Анықтама алу үшін байланыс

    8(728)224-02-27