Тіркелімдер және респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау, құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы (С-О-4 санаты ), 1 бірлік (индекс №05-1).

Аймақ

Жетісу облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

    Қосымша талаптар

    Экономика саласында, техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету), құқық бөлімдерінің мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. 

    Функционалды міндеттер

    Бөлім жұмысына басшылық ету. Бөлім қызметін ұйымдастыру және үйлестіру; Бөлімнің алдына қойылған міндеттерді іске асыру. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешім қабылдау. Әкімшілік мәліметтерді алу үшін Әділет органдары мен мемлекеттік кірістер департаментімен өзара байланыста болу.Заңды тұлғалардың, филиалдардың, өкілдіктердің және жеке кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) мәліметтерін өңдеу; Статистикалық тіркелімдер бойынша жиналуды, жүргізуді және ақпараттық статистикалық мәліметтер базасын жаңғыртуды қамтамасыз ету; Тіркелімдер статистикасы мәселесі бойынша салалы бөлімдерге нұсқаулық семинарларды өткізуді ұйымдастыру, оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсету, тіркелімдерді жүргізу туралы бақылау шараларын өткізу; Құқықтық жұмыстарды жүзеге асыру (шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын елді мекендерге шығу арқылы нақтылау 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес тексеріс ұйымдастыру және жүргізу талаптарына сәйкес жүзеге асыру); Мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылауды іске асыру. Қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдылықтарын ұйымдастыру, насихаттау және түсіндіру, құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру; заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қолдануды қамтамасыз ету; Әкімшілік құқық бұзушылық ісін қозғау, қарау және әкімшілік жаза қолдану туралы материалдарды қарау кезінде салалық басқармалармен өзара іс-қимылда болу. Жоғары тұрған органдарға, респонденттерге есептілікті (ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жыл сайынғы) белгіленген тәртіппен кеңес беру; Әкімшілік істер бойынша сот процестеріне қатысу, мемлекеттік тілді білу, дербес компьютерде жұмыс істей білу. Функционалдық блок "А"

    Ескертпе

    Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


    Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
    Тестілеу бағдарламалары

    Жарияланған күні: 11.10.2022

    Ішкі конкурс

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:

    12.10.2022 – 14.10.2022
    Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

    Қажетті құжаттар

    • Тізімᅠ
    • Өтініш үлгісіᅠ
    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу орны

    Талдықорған қаласы, Абай көшесі 241

    Анықтама алу үшін байланыс

    8 (728) 224-02-27