Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті Тіркелімдер және құрылымдық статистикасы бөлімінің бас маманы С-О-5, 1 бірлік

Аймақ

Ұлытау облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика

Қосымша талаптар

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңын білуі

Функционалды міндеттер

Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес кәсіпорындар статистикасы, құрылымдық статистика, конъюнктуралық зерттеу бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізеді.

Бөлімнің жұмыстар жоспарларына сәйкес статистикалық бизнес-тіркелімін, ауыл шаруашылық статистикалық тіркелімін, тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімін жүргізуді және өзектендіруді жүзеге асырады.

Кәсіпорындар статистикасы, құрылымдық статистика, конъюнктуралық зерттеу бойынша респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік бақылауды жүргізеді.

Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша репонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында әкімшілік көздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүргізеді.

Статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес таратылуы тиіс, Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде кәсіпорындар статистикасы, тұрғын үй қоры статистикасы, құрылымдық статистика, конъюнктуралық зерттеу бойынша статистикалық жарияланымдарды қалыптастыруды және ресми статистикалық ақпаратты таратуды жүзеге асырады.

Кәсіпорындар статистикасы, құрылымдық статистика, конъюнктуралық зерттеу бойынша респонденттермен оқыту семинарларын өткізеді.

Кәсіпорындар статистикасы, тұрғын үй қоры статистикасы, құрылымдық статистика, конъюнктуралық зерттеу бойынша респонденттерге және аумақтық статистика бөлімдерінің мамандарына әдіснамалық көмек көрсетеді.

Бөлімнің негізгі қызметінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, мемлекеттік органдардың сұраныстарын қарауды және жауаптарды уақытылы және сапалы дайындауды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

А блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.10.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.10.2022 – 11.10.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 мегабайт

Сұхбаттасу күні

14.10.2022

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы, 100600, Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Шевченко көшесі, 36

Анықтама алу үшін байланыс

Телефон 8 7102 41 46 68