Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті Персоналды басқару қызметінің бас маманы С-О-5, 1 бірлік
Ұлытау облысы
208 062
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
"Мемлекеттік статистика туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Еңбек кодексін білуі
Функционалды міндеттер
|
Департаменттің персоналды басқару стратегиясын іске асырады. Кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеу бойынша қызметті жүзеге асырады. Департаменттің кадр мониторингін және кадрлық іс жүргізуді жүзеге асырады. Департаментте кәсіби бейімделу мен тәлімгерлік бойынша іс-шараларды іске асырады. Кадрлардың кәсіби дамуын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді белгіленген мерзімдерге сәйкес тағлымдамалардан, даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жолымен ұйымдастырады. Конкурстық, тәртіптік, аттестациялау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне аттестаттау мен оқытуды, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйесінде), қызметін өткеру, қызметтік тексерулер мен тоқтату рәсімдерін сақтауына, бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді. Кадрларды іріктейді, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдейді, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асырады, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды жүргізуді ұйымдастырады. Департаментте еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз етеді, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамалығының орындалуы бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді. Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз етеді. Белгіленген нысандар бойынша уәкілетті органға ақпарат пен есептер дайындайды. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мемлекеттік органдардың сұраныстарын уақытылы және сапалы қарастырылуын және жауаптардың дайындалуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалықтарымен анықталған персоналды басқару бойынша басқа міндеттер мен функцияларды іске асырады. Б блогы |
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
statuly@aspire.gov.kz
- 14.10.2022
- Қазақстан Республикасы, 100600, Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Шевченко көшесі, 36
-
Телефон 8 7102 41 46 68