Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті Ішкі әкімшілендіру бөлімінің бас маманы С-О-5, 1 бірлік
Ұлытау облысы
208 062
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңын білуі
Мемлекеттік органдардың қаржылық қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің
Функционалды міндеттер
|
Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және жүргізу рәсімдерін орындайды, веб-порталда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі функцияларын орындайды, электрондық мемлекеттік сатып алу саласында Бірегей оператормен өзара іс әрекет етеді. Тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу жоспарын әзірлейді және оны Веб-порталға орналастырады; белгіленген мерзімдерге сәйкес мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгертулер енгізеді. Белгіленген мерзімдерге сәйкес тікелей шарт жасау жолымен бір көзден мемлекеттік сатып алу туралы есептерді веб-порталға орналастырады. Тауарларға, жұмыстарға, қызмет көрсетулерге қажеттіліктің жоспарлық номенклатурасын құрады. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша үнемделген бюджеттік қаржыға талдау жүргізеді. Соттың шешімі негізінде мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылар тіркеліміне енгізуге өтінім береді. Өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша қабылданған басқа да дебиторлармен мен кредиторлармен, өнім берушілермен және мердігерлермен, жеке тұлғалармен есеп айырысу бойынша міндеттемелер мен шаруашылық операциялардың есебін жүргізеді. Коммуналдық қызметтерді, байланыс қызметтерін және басқа да жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша шарттардың жобаларын дайындайды. Дебиторлық берешекті өндіріп алу және кредиторлық берешекті өтеу, төлем тәртібін сақтау, басқа дебиторлармен және кредиторлармен салыстыру және есеп айырысуды және түгендеу жөніндегі жұмыстарын орындайды. Тиісті учаскелер бойынша бухгалтерлік есептердің алғашқы құжаттарын қабылдайды және есептік өңдеуге дайындайды. Қолданыстағы бюджет заңнамалығының талаптарына сәйкес нысаны, толтыру толықтығы мен дұрыстығы бойынша сәйкес коммуналдық төлемдер, байланыс қызметтері, жайларды жалдау төлемдері бойынша Қазақстан Республикасының бюджет шығыстарының экономикалық жіктегішінің ерекшеліктері бойынша электрондық банк құжаттарын жасайды және ресімдейді. Бухгалтерлік есеп қағидаларына сәйкес мемориалдық-ордерлік нысан бойынша бухгалтерлік есеп жүргізеді. Қаржы, мемлекеттік сатып алулар саласында барлық құқықтық актілерге құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Құқықтық сұрақтарды қарастыру кезінде сотқа, сондай-ақ өзге ұйымдарға жүгіну үшін құжаттарды белгіленген тәртіпте және мерзімдерде дайындауды қамтамасыз етеді. «1С-Кәсіпорын» бағдарламасында, «Қазынашылық-Клиент» ақпарат жүйесінде жұмыс істейді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мемлекеттік органдардың сұраныстарын уақытылы және сапалы қарастырылуын және жауаптардың дайындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамалығымен анықталған Бөлім бойынша басқа міндеттер мен функцияларды іске асырады. Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақылы және сапалы қарауды және оларға жауаптар дайындауды қамтамассыз етеді және бақылайды. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғаларға консультациялар жүргізеді. Департаменттің электрондық мекенжайына келіп түскен электрондық почтаны қабылдауды және таратуды жүзеге асырады. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша есептерді дайындауды және уақытылы ұсынуды жүзеге асырады. Мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін уақытында, сапалы қарастырылуын және жауап дайындалуын қамтамасыз етеді. Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінде іс жүргізу бойынша әдістемелік көмек көрсетеді. Статистикалық нысандарды ұсынудың алдағы мерзімдерін еске сала отырып, ақпараттық парақтардың таралуын қамтамасыз етеді. Тіл саясаты бойынша мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді. Тіл саясаты бойынша мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шараларды әзірлейді және орындалуын қамтамасыз етеді. Тілдерді қолдану және дамыту туралы Ұлттық статистика бюросына, және Тілдерді дамыту басқармасына есептер дайындайды. Құжаттарды қазақ немесе орыс тілдеріне аударады. Құжаттардың, статистикалық жарияланымдардың қазақ және/немесе орыс тілдерінде түпнұсқалығын қамтамасыз етеді. Департамент қызметшілерін қазақ, ағылшын тілдеріне үйрету мәселелері бойынша Тілдерді дамыту басқармасымен өзара әрекет етеді. Қазақ тілінде іс жүргізуді, статистикалық жарияланымдарды дайындауды бақылайды және әдістемелік көмек көрсетеді Қазақстан Республикасының заңнамалығымен анықталған Бөлім бойынша басқа міндеттер мен функцияларды іске асырады. Б блогы |
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
statuly@aspire.gov.kz
- 14.10.2022
- Қазақстан Республикасы, 100600, Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Шевченко көшесі, 36
-
Телефон 8 7102 41 46 68