Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы бөлімінің басшысы С-О-4, 1 бірлік

Аймақ

Ұлытау облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика

Қосымша талаптар

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңын білуі

Функционалды міндеттер

Бөлім қызметіне басшылық етеді, бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына, бөлімдегі атқарушылық және еңбек тәртібінің жағдайына жеке жауапкершілік жүктеледі.

Бөлімнің қызметін жоспарлауды жүзеге асырады, бөлім жоспарының орындалуын бақылайды және қамтамасыз етеді.

Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды ұйымдастырады, бақылайды және жүргізеді.

Статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес  таратылуы тиіс,  статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы бойынша статистикалық жарияланымдарды қалыптастыруды және ресми статистикалық ақпаратты таратуды ұйымдастырады және бақылайды.

Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімшілік дереккөздерге қатысты әкімшілік дереккөздерге бармай профилактикалық бақылау жүргізу арқылы мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады, бақылайды және жүргізеді.

Еңбек статистикасы бойынша респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы респонденттердің қатысуынсыз профилактикалық бақылау нысанында мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады, бақылайды және жүргізеді.

Жұмыспен қамту және тұрмыс деңгейі статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу кезінде өтеулі қызмет көрсету шартын орындау бойынша интервьюерлердің жұмыстарын ұйымдастырады, бақылайды.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, бөлімнің негізгі қызметі сұрақтары бойынша мемлекеттік органдардың сұраныстарын уақытылы және сапалы қарастырылуын және жауаптардың дайындалуын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының заңнамалықтарына сәйкес басқа функцияларды жүзеге асырады.

А блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.10.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.10.2022 – 11.10.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 мегабайт

Сұхбаттасу күні

14.10.2022

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы, 100600, Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Шевченко көшесі, 36

Анықтама алу үшін байланыс

Телефон 8 7102 41 46 68