Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті Респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы С-О-4, 1 бірлік
Ұлытау облысы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексті білуі
Функционалды міндеттер
|
Бөлім қызметіне басшылық жасайды, бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына, бөлімдегі атқарушылық және еңбек тәртібінің жай-күйіне жеке жауапкершілік артады. Бөлімнің жоспарларын қалыптастырады. Белгіленген тәртіпте құқықтық сұрақтар бойынша Департамент мүддесін сотта, мемлекеттік органдарда және ұйымдарда білдіреді; Департамент әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай- ақ заңды сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды Департаменттің басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен әзірлеуге қатысады; Департаментте Қазақстан Республикасының заңнамаларын насихаттау, жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру бойынша жыл сайынғы іс-шараларды әзірлейді; Заңнамалық актілерде көзделген жағдайда Департаменттің құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша Департаменттің атынан түсініктеме беруді ұйымдастырады; Шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын қамтамасыз етеді; Мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік іс жүргізудің құқықтық сұрақтарын бақылайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша шараларды қабылдайды. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте белгіленгендей, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мемлекеттік органдардың сұраныстарын уақытылы және сапалы қарастырылуын және жауаптардың дайындалуын қамтамасыз етеді. Бөлім мамандарымен қызметтік әдеп қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді. Респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады, бақылайды және жүргізеді. Әкімшілік дереккөздерге бармай және бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады, бақылайды және жүргізеді. Респонденттерге алғашқы статистикалық деректерді ұсыну мәселелері бойынша кеңес береді. Статистикалық есептілік нысандарын қайта қарау бойынша респонденттердің қатысуымен фокус-топтар өткізуді ұйымдастырады. Бөлім қызметінің мәселелері бойынша аумақтық статистика бөлімдерінің мамандарына әдіснамалық көмек көрсетеді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, мемлекеттік органдардың сұрау салуларына жауаптарды уақтылы және сапалы қарауды және дайындауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады. Б блогы |
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
statuly@aspire.gov.kz
- 14.10.2022
- Қазақстан Республикасы, 100600, Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Шевченко көшесі, 36
-
Телефон 8 7102 41 46 68