Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті Статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс бөлімінің басшысы С-О-4, 1 бірлік
Ұлытау облысы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңын білуі
Функционалды міндеттер
|
Бөлім қызметіне басшылық етеді, бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына, бөлімдегі атқарушылық және еңбек тәртібінің жағдайына жеке жауапкершілік жүктеледі. Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын қызметті, іс-шараларды жоспарлау және статистикалық ақпаратты тарату бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді және бақылайды. Бөлім құзыретіне жататын сұрақтар бойынша Департамент жұмысын жоспарлауды және іс-шараларды ұйымдастырады. Департаменттің басшысының сөз сөйлеулеріне материалдар дайындайды. Жиынтық статистикалық жарияланымдарды шығаруды ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы интернет-ресурсының Ұлытау бөлімінде ақпарат орналастыруды және жаңартуды бақылайды. Статистикалық ақпараттың жариялығын және оны насихаттауды кеңейту сұрақтары бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-әрекет етуді ұйымдастырады. Өндірістік кеңестер, семинарлар, бұқаралық ақпарат құралдарымен баспасөз конференциялар, Департамент қызметінің сұрақтары бойынша «Ашық есік күндерін», «дөңгелек үстелдер» жүргізуді ұйымдастырады және оларға материалдар дайындауды қамтамасыз етеді. Ақпараттық қызмет бойынша (статистикалық жарияланымдардың дизайны, беттеу) шарттық міндеттемелерінің орындалуын бақылайды. Статистикалық ақпаратты пайдаланушылардың сауалнамасын жүргізуді ұйымдастырады және бақылайды. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мемлекеттік органдардың сұраныстарын уақытылы және сапалы қарастырылуын және жауаптардың дайындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамалығына сәйкес басқа функцияларды жүзеге асырады. А блогы |
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
statuly@aspire.gov.kz
- 14.10.2022
- Қазақстан Республикасы, 100600, Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Шевченко көшесі, 36
-
Телефон 8 7102 41 46 68