Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті Ішкі әкімшілендіру бөлімінің басшысы С-О-4, 1 бірлік

Аймақ

Ұлытау облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика

Қосымша талаптар

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңын білуі

Мемлекеттік органдардың қаржылық қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің

Функционалды міндеттер

Бөлім қызметіне басшылық етеді, бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына, бөлімдегі атқарушылық және еңбек тәртібінің жағдайына жеке жауапкершілік жүктеледі.

Бөлімнің жоспарын әзірлейді, олардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

Есептік саясатқа сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді және қаржы есептілігін қалыптастырады.

Бухгалтерлік есеп шоттарында барлық жүзеге асырылатын шаруашылық операцияларын көрсетеді және оны бақылауды қамтамасыз етеді, жедел ақпарат ұсынады,  қаржы және бюджеттік есептіліктерді белгіленген мерзімдерде құрады және ұсынады.

Бухгалтерлік және экономикалық көрсеткіштерді талдайды, Департаменттегі қаржы жағдайы, қызмет нәтижесі мен қаржы жағдайындағы өзгерістер туралы толық және дәйекті ақпарат ұсынады.

Бюджет қаражаты мен материалдық ресурстарды пайдалану бойынша Департаменттің қызметіне кешенді экономикалық талдау жасайды және жоспарлық-экономикалық жұмыстарды бақылайды.

Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және жүргізу үдестерінің орындалуын, азаматтық-құқықтық мәміле өтінімдерін тіркеуді бақылайды.

Қаржы және кассалық тәртіпті сақталуды, ақша қаражаттарына, тауарлық-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуді бақылайды.

Еңбекақы төлеу қоры қаражатының жұмсалуын, салықтардың аударылуын бақылайды.

Құқықтық сұрақтарды қарастыру кезінде белгіленген тәртіпте Департамент мүддесін сотта, сондай-ақ басқа ұйымдарда білдіреді.

Қаржы, мемлекеттік сатып алулар саласында барлық құқықтық актілерге құқықтық қамтамасыз етуді бақылайды.

Бөлімнің құзырына жататын құқықтық сұрақтар бойынша Департамент атынан түсіндірулер дайындайды.

«1С-Кәсіпорын» бағдарламасында және «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесінде, бюджеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесінде, есептілікті тапсырудың бірегей жүйесінде (ЕТБЖ) және мемлекеттік сатып алулардың веб-порталында жұмыс істейді.

Уәкілетті органға белгіленген нысандар бойынша ақпарат және есептілік дайындайды.

Құжаттама жасаудың бірегей тәртібін, құжаттармен жұмыс жасауды ұйымдастыруды, құжаттардың орындалуын және құжаттарды Департамент архивіне тапсыру үшін дайындауды қамтамасыз етеді.

Департаменттің ведомсволық архивінің жұмысын ұйымдастырады және бақылайды.

Істер номенклатурасын әзірлеуді, келісуді, бекітуді және практикаға енгізуді ұйымдастырады және бақылайды.

Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға консультациялық көмек көрсетуді ұйымдастырады.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мемлекеттік органдардың сұраныстарын уақытылы және сапалы қарастырылуын және жауаптардың дайындалуын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының заңнамалығымен анықталған Бөлім бойынша басқа міндеттер мен функцияларды іске асырады.

Б блогы

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.10.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.10.2022 – 11.10.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 мегабайт

Сұхбаттасу күні

14.10.2022

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы, 100600, Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Шевченко көшесі, 36

Анықтама алу үшін байланыс

Телефон 8 7102 41 46 68