Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің Персоналды басқару қызметінің бас маманы (С-О-5, уақытша,18.05.2025ж. дейін бала күтіміне байланысты негізгі қызметкердің болмаған кезеңіне)
Атырау облысы
208 062
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Қаржы
Қосымша талаптар
Сонымен қатар, "заңгер" мамандығы бойынша дипломы бар кандидаттар конкурсқа қатыса алады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Функционалды міндеттер
Бөлімнің жұмыс жоспарының жасақталуына қатысу және орындалуын қамтамасыз ету. Кадрлық есептіліктердің уақытылы және сапалы жасақталуын қамтамасыз ету. «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінің қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету. Басшылықтың бұйрықтары мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету. Бөлім құзыреті шегінде келіп түскен сұраныстарға, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптар дайындау. Бөлімнің істер номенклатурасын жасақтау және мұрағатқа жіберілетін құжаттарды дайындау. Өзара орын алмастыруды қамтамасыз ету және бөлім басшысы болмаған жағдайда, оның міндеттерін атқару.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 20.10.2022
- «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті» РММ 060007 Атырау қаласы, Махамбет көшесі, 116 «б», 3 қатар, №32 бөлме
-
8 (712) 232-42-56