Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті Өнеркәсіп статистикасы басқармасының бас сарапшысы, С-4 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Астана қаласы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Агрономия
- Жерге орналастыру
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Тау-кен ісі
- Мұнай газ ісі
- Металлургия
- Геодезия және картография
- Машина жасау
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Органикалық заттардың химиялық технологиясы
- Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- Аграрлық техника және технология
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Жаратылыстану ғылымдары: экологий
Функционалды міндеттер
Өнеркәсіп статистикасы бойынша статистикалық байқауларды жүргізуді қамтамасыз ету. Статистикалық жұмыстар жоспарының сапалы және уақтылы орындалуына жауапкершілік. Статистикалық ақпараттың анықтығы мен сапасын арттыру, оның жеделділігі мен өзектілігібойынша жұмыстарды жүргізу. Әдістемелік, әдіснамалық және нұсқаулық материалдарын, статистикалық құралдарды №шгғ, №шгғ, статистикалық нысандар бойынша тұжырымдалмаған міндеттердің қойылуын әзірлеу.
Статистикалық байқауларды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша әдіснамалық және тәжірибелік көмек көрсету бөлігінде өнеркәсіп статистикасы бойынша аумақтық бөлімшелердің жұмыстарын үйлестіру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, № 4 кіреберіс
-
74-94-46, 74-95-27